A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЕХӘҚ Министрі М.Е. Әбілқасымованың мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының бірден бір маңызды бағыты болып табылады.

Қазақстан 2015 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Осылайша мүгедектігі бар адамдардың экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын басқа адамдармен қатар толық іске асыру бойынша халықаралық стандарттарды енгізу міндеттемелерін қабылдады.

Конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы Заң арқылы 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске түзетулер енгізілді.

Қазіргі кезде Қазақстанда 674,2 (алты жүз жетпіс төрт) мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 62% (алпыс екі пайызы) (417,7 төрт жүз он жеті мыңнан астам) адам – еңбекке қабілетті жаста, 25,4% (жиырма бес пайызы) (171,3 жүз жетпіс бір мыңнан астам) адам -  зейнеткерлік жаста, 12,6% (он екі пайызы) (85,1 сексен бес мыңнан астамы) – 18 жасқа дейінгі балалар.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді және оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуды қамтиды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс шамасының өзгеруіне байланысты мүгедектерге берілетін жәрдемақы 16 %-ға (он алты пайызға) дейін арттырылды.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны  – 508,7 (бес жүз сегіз мың жеті жүз) адамды, жәрдемақы – 40 769 (қырық мың жеті жүз алпыс тоғыз) теңгені құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәмелет жасқа толған бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсетіп отырған адамдарға 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақы енгізілді.  Бүгінгі күні жәрдемақы 10 мың отбасыға тағайындалды, оның мөлшері 29 699 (жиырма тоғыз мың алты жүз тоқсан тоғыз) теңгені құрайды.

881 (сегіз жүз сексен бір) ұйым 100 мыңға жуық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынды. Сонымен қатар 8,8 (сегіз) мыңнан астам адамға 130 (жүз отыз) үкіметтік емес ұйым арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Жалпы 2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға және оларға көмек көрсетуге 302,8 (үш жүз екі) миллиард теңге көзделді (2017 жылмен салыстырғанда 121% (жүз жырма бір пайызға) өскен).

2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып келеді.

Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қаржыландыру көлемі 2014 жылдан бастап 7,6 (жеті де алты) есеге өсіп, 2017 жылы 5,4 (бес) миллиард теңгені құрады. 2018 жылға 6,0 миллиард теңге көзделген.

Бөлінген қаражат шеңберінде :

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 17 270 (он жеті мың екі жүз жетпіс) бірлік жол белгісі мен жол сілтегіштер, жүргіншілер өтетін жолдарда  дыбыстайтын құрылғы орнатылды (жоспар бойынша 104,1 % (жүз төрт пайызды құрайды);

15 «Инватакси» қызметі құрылды (жоспар бойынша 100 %), бюджеттің шығыстарын ескергенде оларда 34,8 (отыз төрт мың сегіз жүз) адамға қызмет көрсететін 280 (екі жүз сексен) арнайы машина бар; 

26 өңірлік телеарнада жаңалықтар сурдо-аудармамен қамтамасыз етілген (жоспар бойынша 100 %);

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормалары екі есе (360-тан 730 бірлікке дейін) ұлғайтылып (жоспар бойынша 100 %), 51,1 (елу бір) мың адам қамтылды;

есту қабілеті нашар 4 мың мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты екі есеге (30 сағаттан 60 сағатқа) ұлғайтылды (жоспар бойынша 100 %);

55,2 (елу бес) мыңнан астам мүгедектігі бар адамды қазіргі заманғы гаджеттермен қамтамасыз ету үшін Оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі отыз екіден елу беске дейін кеңейтілді, (жоспар бойынша 100 %-ды құрап отыр).

Соған қарамастан, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында біраз шешілмеген проблемалар бар.

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Комитетінің Арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилардың ұсынымын ескере отырып, Министрлік  Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды әзірлеуді ұсынады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіретін Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында  жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу ұсынылды.

Ұлттық жоспарда нысаналы индикаторлары айқындалған 7 басымды бағыт ұсынылады, олар мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау және  қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.

Бірінші басымдық. Мүгедектіктің профилактикасы бойынша шараларды одан әрі жетілдіру.

Соңғы бес жылда мүгедектігі бар адамдардың саны 7,5%-ға (жеті жарым пайызға) ұлғайды. 

Анықтама үшін: 2014 жылы – 627 163 (алты жүз жиырма жеті мың жүз алпыс үш) адам, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 674 163 (алты жүз жетпіс төрт мың жүз алпыс үш) адам.

Ересек адамдар арасында мүгедектіктің кең  тарауының негізгі себебі:

қан айналымы жүйесі аурулары (26,9% (жиырма алты пайыз немесе 10 964 (он мың тоғыз жүз алпыс төрт) адам),

онкологиялық аурулар (19,9% (он тоғыз пайыз) немесе 8 126 (сегіз мың жүз жиырма алты) адам),

кез келген жерде болатын жарақаттар (10,3% (он пайыз) немесе  4 207 (төрт мың екі жүз жеті) болып табылады.

Балалар мүгедектігі маңызды проблемалардың бірі болып қалуда және өршіп келеді. Негізгі себептеріне:

туа біткен аномалиялар (32,5% (отыз екі жарым пайызы)

немесе 3 768 (үш мың жеті жүз алпыс сегіз) бала), жүйке жүйесі аурулары (23,7% (жиырма үш те жеті пайызы)

немесе 2 755 (екі мың жеті жүз елу бес бала), психикалық ауытқулар (11,1% (он бір де бір пайызы) немесе 1 291 (мың екі жүз тоқсан бір) бала) жатады.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының профилактикаға бағытталуын қамтамасыз ету қажет, оған отбасын жоспарлау, босануға дейін ауруларды диагностикалау және қалпына келтіре оңалту медицинасын дамыту кіреді.

Екінші басымдық. Инклюзивті білім беруді дамыту.

Бүгінгі таңда 147 (жүз қырық жеті) мыңнан астам балада ерекше білім беру қажеттіліктері бар.

Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30% (отыз пайызында), орта білім беретін ұйымдардың 70% (жетпіс пайызында) және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40% (қырық пайызында) инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарға алынған.

Балабақшалардың 15% (он бес пайызында) және мектептердің 55% (елу бес пайызында) инклюзивті білім беру жағдайлары жасалған, оларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 40 (қырық) мыңнан астам бала оқып, тәрбиеленіп жатыр.

Сонымен қатар, арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилар жалпы білім беретін мектептерге бекітілген 10 000 (он мың) мүгедек бала іс жүзінде үйде оқитынын және мектепке мүлдем бармайтынын атап өтті.

Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында:

  • кадрлардың жетіспеушілігі;
  • инклюзивті білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажет.

Үшінші басымдық. 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру.

Бүгінде 32 647 (отыз екі мың алты жүз қырық жеті) әлеуметтік инфрақұрылым объектісі  паспорттауға жатады, олардың ішінде 31 994 (отыз бір мың тоғыз жүз тоқсан төрт) объектіні (98,0%) мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге паспорттау, 21 113 (жиырма бір мың жүз он үш) объектіні (64,7%) бейімдеу жоспарланған.  

31 547 (отыз бір мың бес жүз қырық жеті) объектіге   (жоспардың 98,6% (тоқсан сегіз пайызы) паспорттау жүргізілді,  19 546 (он тоғыз мың бес жүз қырық алты) объект (95%) бейімделді.

Көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі проблемасы сақталған (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, әуежайлар, қоғамдық көлік, қызмет көрсету, туризм, мәдениет және спорт саласындағы объектілер).

Осыған байланысты, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, қолжетімділік стандарттарын бақылау функциясын сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті органға, яғни Инвестициялар және даму министрлігіне бекітуді ұсынамыз.

Төртінші басымдық. Мүгедектігі бар адамдарды сапалы жұмыспен қамту және олардың экономикалық дербестігін арттыру шараларын жетілдіру.

Бүгінгі таңда еңбек етуге қабілетті 417,7 (төрт жүз он жеті) мың мүмкіндігі шектеулі адамның 30%-дан астамы, яғни 127,1 (жүз жиырма жеті) мың адам жұмыс істейді (жылына бір рет болса да аударымдар жүргізілген).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жалдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар жұмыспен қамту шараларына қатыса алады. 

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына 15 904 (он бес мың тоғыз жүз төрт) адам жүгінген (2017 жылы – 19 103 (он тоғыз мың жүз үш), олардың ішінде 6 379 (алты мың үш жүз жетпіс тоғыз) адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1 298 (бір мың екі жүз тоқсан сегіз) адам қысқа мерзімді курстармен қамтылды, 39 (отыз тоғыз) адам бизнесін ашуға микрокредит алды.

Сонымен қатар, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олардың ұйымдарына мемлекеттік сатып алу кезінде берілетін басымдықтар арқасында 194 (жүз тоқсан төрт) ұйымда 2,2 мың (екі мың екі жүз) адам еңбек етуде.

Жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ынталандыру үшін 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға кететін шығындарын субсидиялау енгізілгенін атап өткен жөн.

Ағымдағы жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 770 (жеті жүз жетпіс) арнайы жұмыс орнын құруға 105,6 (жүз бес те алты) миллион теңге бөлінді.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар аталған шараны тиімсіз іске асырып жатыр, соның нәтижесінде 2018 жылғы 8 айда 24,1 (жиырма төрт те бір) миллион теңгеге  барлығы 88 (сексен сегіз) жұмыс орны (жоспардың 11,4% (он де төрт пайызы) құрылды.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына белгіленген квота шеңберінде ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 2,6 мың (екі мың алты жүз) адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспардың 13,9%-ы (он үш те тоғыз) пайызы. 

Бұл ретте квота келесі өңірлерде төмен орындалған: Шығыс Қазақстан облысында 2,5% (екі жарым пайызды), Павлодар облысында 3,9% (үш те тоғыз пайызды) құрайды.

Жаңа Ұлттық жоспар шеңберінде жұмыс орындарын квоталау және жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруын субсидиялау механизмдерін қайта қарау ұсынылады.

Бесінші басымдық. Әлеуметтік оңалту мен абилитацияның тиімділігін арттыру

Мүгедектерді оңалту бойынша қалыптасқан тиімді нормативтік база қаржылай түрде және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісінше қамтамасыз етілмейді.

Оңалту құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 64,9% (алпыс төрт те тоғыз пайыз) деңгейінде.

Маңғыстау облысында (44,7% (қырық төрт те жеті пайызға) және Солтүстік Қазақстан облысында (52,8% (елу екі де сегіз) пайызға) оңалтудың жеке бағдарламасын орындау бойынша төмен көрсеткіштер белгіленді.

Жергілікті атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтеріне нақты қажеттілігін ескере отырып, жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қамтамасыз ету қажет.

Алтыншы. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жұмысы басталды, ол адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше, таңдау мүмкіндігі беріледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мүдделі тараптардың (Білім және ғылым, Еңбек, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері және басқалар) өзара әрекеттесуін күшейту арқылы Әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді көздейді. Бұл мұқтаж азаматтарға қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді.

Осыған орай жаңадан құрылған Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурс орталығы әлеуметтік қызметкерлердің потенциалын арттыру, әлеуметтік қызметтердің мамандарын кәсіби әдістемелік қолдау, әлеуметтік инновацияларды модельдеу, жергілікті деңгейде жаңа қызметтерді пилоттау сияқты міндеттерді іске асыратын болады. 

Жетінші басымдық. Кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемасына толерантты көзқарас қалыптастыру мақсатында қоғамның мүмкіндігі бар адамдарға деген көзқарасын бірте-бірте өзгерту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыру қажет.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарды әзірлеуді мақұлдауыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

9 қазан, 2018 - 10:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші