check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«ҚР еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР ДCӘДМ 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98932 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы             

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қорғау министрі            

                       

_____________ М. Әбілқасымова         

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

__________ Т. Сүлейменов

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің төрағасы

__________________ К. Жақыпбаев

2018 жылғы __ ____________

 

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің        
2018 жылғы
____ ______________
№ _____ және          
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2018 жылғы ____ ____________

№ _____ бірлескен бұйрығына  
1-қосымша 

 

 

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2015 жылғы 25 желтоқсандағы  
№ 1022 және          
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 28 желтоқсандағы 
№ 801 бірлескен бұйрығына  
1-қосымша   

 

    

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы

 тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі 2018 жылғы 25 қыркүйетегі жарияланған) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) болмашы бұзушылықтар – еңбек заңнамасының еңбек қатынастарына, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы бөлігіндегі бұзушылықтары, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнамаларды бұзу; 

2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) баруымен тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;  

3) тәуекел – жұмыскердің өміріне немесе денсаулығына, оның еңбек міндеттерін атқару кезінде заңды мүдделеріне жұмыс берушінің қызметі нәтижесінде, оның ішінде жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы;

4) тексеру парағы – сақталмауы адам өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын шарттарды қамтитын талаптар тізбесі;

5) өрескел бұзушылықтар – осы өлшемшарттың қосымшасына сәйкес, тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектілік өлшемшарттарында көрсетілген еңбек заңнамасын бұзу;

6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

7) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 5) және 1) тармақшаларына сәйкес өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары;

8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;  

9) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.  

2. Объективті өлшемшарттар

4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:

тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;

электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;

өңдеу өнеркәсібі;

құрылыс;

тасымалдау және сақтау;

сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау;

ақпарат және байланыс;

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты экономикалық қызмет түрінде қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) жатқызылады.

Көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты профилактикалық бақылау жүргізудің кезеңділігі:

- жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау – жылына бір рет;

- жұмыскерлердің саны 100-ден астам, бірақ 250-ден көп емес жұмыскерлері бар бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау – 3 жылда бір рет;

- жұмыскерлердің саны 100 адамнан аспайтын бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау – 5 жылда бір рет.

5. Осы Өлшемшарттардың 4-тармағына енгізілмеген бақылау субъектілері (объектілері) объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған және оларға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілмейді.

3. Субъективті өлшемшарттар

6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

Тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады :

1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтар дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда белгіленеді;

2) өндірістегі жазатайым оқиғалар;

3) тексеру нәтижелерiмен расталған бiр жылдың iшiнде мерзімі өткен     (үш айдан асқан) жалақы берешектерін төлемеу жеке тұлғалардың бірнеше фактілер (екі және одан да көп) жүгінгені туралы немесе бір ұжымдық өтiнiш;

4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

5) кәсіпорындардың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері;

6) басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тестілеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі;

7) станоктардың, құрылғылардың жұмыстарын, өндіріс объектілерін, ұйымдардың қызметтерін бір жыл ішінде бір және одан көп тоқтату (тыйым салу) фактілері.

7. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады, оларға мынадай: өрескел, елеулі, болмашы бұзушылық дәрежелері беріледі.

8. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық тексеру жүргізіледі.

Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7 мұндағы:

SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

SР1- елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

SР2- анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

9. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

мұндағы:

SРн- болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

SР1- болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

SР2- анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

10. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден бастап 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

SР = SРз + SРн

мұндағы:

SР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

SРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

SРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

11. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін, бақылау субъектісі (объектісі) тәуекелдің екі дәрежесі бойынша (тәуекелдің жоғары және жоғары дәрежесіне жатпайтын) бөлінеді.

12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

1) 0-ден бастап 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде –  бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен болатын профилактикалық бақылаудан босатылады;

2) 61-ден бастап 100-ге қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен болатын профилактикалық бақылаудан босатылмайды.

13. Бақылау субъектісін (объектісін) оған қатысты барумен болатын профилактикалық бақылаудан босату үшін бақылау субъектісінде (объектісінде) жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын сенім сертификатының болуы жеңілдететін индикатор болып табылады.

14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының    3-тармағына сәйкес құрастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жасаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

15. Көрсетілген өлшемшарттарды айқындау үшін есептік кезең бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоспарланған жартыжылдықтың алдындағы жарты жылдық болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел

дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

 қосымша 

 

 

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

 

Р/с

Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекелдер
өлшемшарттары

Бұзушылық
дәрежесі

Өндірістегі жазатайым оқиғалар

1.

Ауыр және (немесе) адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне
байланысты бір немесе одан да көп жазатайым оқиға фактілерінің болуы

Өрескел

2.

Еңбек қызметіне байланысты бір немесе одан да көп топтық
жазатайым оқиға фактілерінің болуы

Өрескел

3.

Жеңіл аяқталған еңбек қызметіне байланысты
бір немесе одан да көп жазатайым оқиға фактілерінің болуы

Болмашы

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері
(ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

4.

Жұмыскерлерге демалыс кестесіне сәйкес  демалыс беру,
сондай-ақ оның берілу толықтығы

Өрескел

5.

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау

Өрескел

6.

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы
төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі
мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

Өрескел

7.

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен,
арнайы киіммен қамтамасыз ету

Өрескел

8.

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағының, 
сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 
есептеу және төлеуді растайтын құжаттаманың болуы

Елеулі

9.

Жыл сайынғы  төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы)
пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

Елеулі

10.

Өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді
(есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж,
монша-кір жуу орындары, қазандықтар, қоймалар,
медициналық кабинеттер) жұмыс берушінің аттестаттаудан
өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

Елеулі

11.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

Елеулі

12.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес
жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен,
техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға
қажетті құралдармен қамтамасыз ету

Елеулі

13.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге
арналған құжаттаманың болуы (нұсқамалар журналдары,
жұмыс түрлері мен жұмыс кәсіптері бойынша қауіпсіздік және
еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар, хаттамалар, сертификаттар, куәліктер)

Елеулі

14.

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде
оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру,
жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы

Елеулі

15.

Жұмыс берушінің  жұмыспен қамту және жұмыс берушінің
кінәсінен жұмыста мертігуге және (немесе) кәсіптік ауруға
шамдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы
міндеттерді сақтауы

Елеулі

16.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске
асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету
(өтініш не шағым түскен жағдайда тексеріледі)

Елеулі

17.

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау

Елеулі

18.

Ұжымдық шарттың, келісімдердің талаптарын орындау

Елеулі

19.

Барлық жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының 
болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкестігі

Елеулі

20.

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

Елеулі

21.

Еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайына
 қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

Елеулі

22.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу
 комиссияларын құру туралы жұмыс беруші актісінің болуы

Елеулі

23.

Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын,
 ең төменгі айлық жалақы беру, күнделікті жұмыс
 ұзақтығы (жұмыс ауысымы) және ерекше жұмыс 
режимімен және еңбек жағдайларымен, жұмысынан
 айрылумен, жұмыскердің еңбек немесе Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген өзге де
 міндеттерді орындаумен байланысты шығындарын
 өтеумен байланысты өтемақы төлемдері, сондай-ақ 
жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында турмайтын 
өзге де адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау 
және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер
 бөлігіндегі кепілдіктерді жүзеге асыру 

Елеулі

24.

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, 
сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру 

Елеулі

25.

Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының 
халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын мүгедектер
 үшін жұмыс орындарының  белгіленген квотасын орындау,
 уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына 
байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы 
туралы ақпаратты беру, уәкілетті органға бос жұмыс 
орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа 
қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы 
уақтылы хабарлау бөлігінде қолдануы 

Болмашы

26.

Жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін,
 шетелдік жұмыскерді қызметке (кәсіпке немесе мамандыққа)
 тартуға рұқсатының болуы, сондай-ақ жұмыс беруші – ауыстыру,
 төлеу, шектету, жүргізілген ұстанымдар, жеке тұлға 
үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетуге)
 еңбекші иммигранттарды тартуы немесе бір жұмыс берушіге – жеке
 тұлғаға бір уақытта бесеуден аспайтын еңбекші иммигрантпен
 үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету)
 бойынша еңбек шарттарын жасасуға ішкі істер органдары
 беретін тиісті рұқсаттардың болуы

Болмашы

27.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, 
демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері 
мен кепілдіктер,  беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу,
 ұстап қалу  бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты 
қабылдаған актілердің Қазақстан Республикасы еңбек 
заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуі

Белгілеу

Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері

28.

Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы 
кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік
 сақтандыру шартының жасалмауы туралы мәліметтердің болуы

Өрескел

29.

Кәсіпорындар атын өндірістік объектілерді  
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитетінің  республикалының зиянды, 
ауыр және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары 
бар кәсіпорындары туралы мәліметтерімен салыстыру 
кезіндегі сәйкессіздіктердің анықталуы

Елеулі

30.

Бір жыл ішінде құрылғылардың, жабдықтардың, 
өндірістік объектілердің жұмысын тоқтату (тыйым сану)
 туралы бір немесе бірнеше фактілер

Өрескел

31.

Басшылар мен қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз 
етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және 
оны қорғау бойынша білімдерін тексерудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі

Өрескел

32.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына бдайланысты 
аттестаттау бойынша есептерден мынадай көрсеткіштерге 
сәйкессіздікті анықтау:
1) өндірістік орта факторларының зияндығы мен қауіптілігі;
2) жеке қорғаныс құралдарын беру нормасына сәйкес қамтамасыз ету;
3) жарақаттану қауіпсіздігі;
4) еңбек процесінің ауырлығы;
5) еңбек процесінің шиеленісі;
6) оқыту және нұсқама беру құралдармен қамтамасыз ету

Өрескел

Еңбек заңнамасының жалақы төлемеу бөлігіндегі нормаларын 
бұзғанын растайтын шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

33.

Тексеру нәтижелерімен расталған жалақы төленбеу (үш немесе одан көп ай) мәселесі бойынша  бір жыл ішіндегі жеке тұлғалардың  жүгінуі туралы бірнеше фактілер (екі және одан да көп) өтiнiштерi  не бiр ұжымдық өтiнiш

Өрескел

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon 1022.zip2.52 MB
1 қараша, 2018 - 16:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші