check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

жүктілікті әйелді жұмыстан шығару және оны еңбек демалысына шығармау және сауықтыру жәрдемақысын төлемеу

Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Баялиева Шынар Жанатбайқызы 2014 жылдың 16 мамырынан бастап, "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" МКҚК-да есепші  қызметінде 2018 жылдың 4 қаңтарына дейін жұмыс атқардым. 2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап аталған мекеменің ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы болып қайта құрылуына байланысты бас инспектор экономист- бухгалтер қызметіне қабылданып, өзіме міндетті жұмысты атқарудамын. 2018 жылдың тамыз айының соңында (шамамен 25 күні) мекемеде біраз қызметкерлер бойынша бірнеше айдың ішінде қысқартулар болатындығы туралы әңгіме болды, оның ішінде менің де лауазымдық қызметім де бар.  Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 10 күні келген штаттық кесте бойынша менің лауазымдық қызметім тізімде жоқ болып шықты, яғни қысқартылып кеттің деп түсіндірді, бірақ қысқарту туралы ешқандай хабарлама берілмеді. Мен бүгінгі күнде төртінші балама жүктіліктің 29-30 аптасында отырмын. 2017-2018 жылдардың еңбек демалысында 2017 жылдың шілде айында болғанмын. Биылғы жылғы кесте бойынша еңбек демалысында шілде айында болуым керек еді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мекеменің директорының атына 2 мәрте маған тиісті еңбек демалысын беруі туралы өтініш жаздым. Бірақ директор С.А. Түменбаев мырза менің өтініштерімді жауапсыз қалдырып, еңбек демалысына шығуға және сауықтыру жәрдемақысын төлеуге қарсылық білдірді, жауабы "сіздің лауазымдық қызметіңіз қысқартуға кеткен" дейді. Және тағы бір айта кетерлік жағдай, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде менің қызмет жасаған бөлімнің басшысын (бас есепшіні) еңбек  шарты аяқталып, зейнетке шығуына байланысты жұмыстан шығарып, орнына 10 қыркүйек күні, яғни мені жұмыстан қысқартқан күні жаңа бөлім басшысын жұмысқа қабылдады. Ендігі жерде менің мамандығым бойынша сәйкес келетін бос орынның жоқтығын алға тартып отыр. Осының барлығы қаншалықты заңды? Жауап беріңіздерші, өтінемін.

Жауап: 

Құрметті Шынар Жанатбаевна!

 

Еңбек демалысына шығуына қатысты:

ҚР Еңбек кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 22-баптың 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-баптың 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші оны беруге міндетті.

Аталған құқық пен міндет егерде Кодекстің 91-бабына сәйкес қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажы болған жағдайда пайда болады (бұдан әрі – жұмыс стажы). Жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;

4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Ескету: Бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына кірмейді.

Сонымен қатар, еңбек демалысы қызметкерге жұмыс стажы толық болмаған жағдайда да берілуі мүмкін. Атап айтсақ, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жоғарыда айтылғандарға орай:

  • жұмыс стажы барларға (12 ай нақты жұмыс кезеңі болғанда) еңбек демалысы толық беріледі, егерде оның бөлуін қызметкердің өзі қалағаның және жұмыс берушінің келісімен қоспаған жағдайда;
  • егерде қызметкерде жұмыс стажы болмаған жағдайда, онда қызметкердің арызы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен қызметкерге аванспен еңбек демалысы немесе нақты жұмыс істелген уақыт үшін еңбек демалысының бөлігі берілуі мүмкін.
  • егерде еңбек қатынас тараптардың пікіріне сәйкес демалыс кестесінде басқаша белгіленбесе (бөліктерге бөлу немесе жұмыс істелген уақыт), жұмыс беруші өз еркімен міндеттеме алып бекітілген демалыс кестесі шеңберінде қызметкерге толық еңбек демалысын беруге міндетті.

 Бұр ретте, демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті болатын (93-баптың 2-тармағы).

Жұмыс орнының қысқартылуына қатысты:

Кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайда,  жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге және жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлеуге міндетті (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).

Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді: жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай отырып, жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту шын мәнінде жүргізілген-жүргізілмегенін, заңнамалық актілерде көзделген жұмыскерлерді босату тәртібінің сақталған-сақталмағанын, олардың орнына басқа адамдардың алынған-алынбағанын тексеруге міндетті.

Осы орайда, жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесі татуластыру рәсiмдері арқылы ұйымдағы келісу комиссиясы (Кодексің 159-161-баптары), ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша сот тәртібімен шешілуі тиісті.

 

Сұрақтың нөмірі: 352434
29 қазан, 2018 - 10:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші