A A A
Мазмұнына өту

You are here

Биыл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 7900 -ден астам ауыл тұрғындары шағын несие алды

Заседание правительства микрокредиты

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2018 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің атқарылуының нәтижелері, «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысы және жекешелендіру мәселелері қаралды.

Төртінші әлеуметтік бастама – микрокредиттеу жағдайын дамыту туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады.

Бұған дейін белгілі болғандай, биыл микрокредиттеуді қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге, оның ішінде қалаларда - 6 млрд, ауылдарда - 14 млрд. теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, шағын несиелеуге жалпы сомасы 62 млрд. теңге болды.

Осылайша, Президент бастамасын жүзеге асыруда биыл шағын несиелеумен 14 мың адам қамтылады. Айта кету керек аталған несиелеу Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүзеге асып келеді.

«Елбасы айтып өткендей, шағын несиелеу әcіресе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздардың табысын еселеуге аса маңызды. Микрокредит беру шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан  7 914 адам және жұмыссыз кәсіпкерлікпен айналысуға, өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік алды. Жыл басынан бері 8 893 шағын несие берілсе, олардың 7 901-і ауылдарда, 992-сі қалаларда . Ауылдардағы шағын несие көлемі орташа есеппен ауылдарда 3,5 млн теңге, ал қалаларда 10,6 млн. теңгені құрады» -деді Мәдина Әбілқасымова.

Қорыта айтқанда, микрокредит алушылар үшін қосымша 8 250-ден астам жұмыс орны құрылды. Тұтастай алғанда микрокредиттер ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, көлік және қоймаларға, азық-түлік қызметтері, өндіріс, көтерме және бөлшек сауда және құрылыс салаларына бағытталды.

Өңірлерде осы бағытта қаражатты игеруде  Алматы қаласы (87%), Алматы облысы (72%), Батыс Қазақстан облысы (69%), Жамбыл облысы (66%) жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Бұған қоса, Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің санын көбейтудің тиімді шараларының бірі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту. Осы жылдың соңғы 9 айында 24,1 мың адам оқытылды немесе жылдық жоспардың 80,3%-ын құрайды,  олардың ішінен 13,4 қатысушы бизнес-жобаларын қорғап шықты, ал 4,1 адам микрокредит алды.

  Бағдарламаны практикалық іске асыруды ескере отырып, микрокредиттерді соңғы қарыз алушыларға жеткізуді жеделдету мақсатында Бағдарламаға өзгерістер әзірленді. Олар  -   ауылдық жерлерде якорлы кооперацияны дамыту үшін микрокредит мөлшерін ұлғайту, микрокредит алушыларға жұмыс орындарын құру бойынша қойылатын талаптарды жеңілдету, сонымен бірге якорлы кооперация қатысушыларын кепілдендіру бойынша норманы қосу, оларды салық органдарында тіркеу мерзімін үш жылдан астам уақытқа дейін ұзарту. 

17 қазан, 2018 - 12:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші