A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Елбасы Жолдауын түсіндіру аясында Министр Мәдина Әбілқасымова СҚО-да болды

Жолдауды талқылау

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауының маңыздылығын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кіретін ақпараттық топты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова басқарды.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы аудандық Мәдениет үйіндегі кездесуге үш жүзден астам адам жиналды. Онда республикалық ақпараттық топтың мүшелері Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі тұстарын түсіндірді.

Кездесуді ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауы халқтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және жаһандық жағдайларда бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалардың пакетін ұсынатындығын атап өтті. 

«Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың табысын көтеруге және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер қойылған. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының мөлшері 1,5 есе өседі және ол 42,5 мың теңге болады. Ең төменгі жалақыны анықтау әдісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерімен ешқандай салыстырмасыз өзгеретін болады. Бұдан басқа, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі. Олардың жалақысы шамамен орта есепте 35%-ды құрайды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 48 мыңнан астам штаттық бірлік бар. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлінеді.» - деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Ең төменгі жалақы көлемін өсіру, жұмыспен қамтылған халықтың салық ауыртпалығын жеңілдетеді. Салық ауыртпалығының төмендеуі 6 млн-нан астам жалдамалы қызметкерге оң әсерін береді.

Жалпы, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, экономиканың барлық секторында жұмыс істейтін  1 млн. 300 мың адамның табысының өсуіне бастайды. Ал, СҚО бойынша 56 377 адамның жалақысы көтеріледі. 

Нәтижесінде халықтың нақты табысының, төлем қабілеттілігінің өсуіне, ішкі сұраныстың артуына және көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететін қуатты әлеуметтік-экономикалық нәтиже болады – деп тарқасты кездесуге келгендер.

Кездесуден соң Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова мен ақпараттық топ мүшелері Бескөл мектеп-гимназиясына барып, мекеме қызметкерлерімен және оқушылардың ата-аналарымен кездесті.

Бұдан соң, министрдің жұмыс кестесі Бескөл ауылындағы «Ахмутдинов» кәсіпорынына барумен жалғасып, жұмыс күші мол аймақтардан облысқа көшіп келген тұрғындармен кездесті.

Дәулет отбасымен бірге 2016 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысына Шымкент қаласынан ауысып келген. Оларға Бескөл ауылынан жалдамалы баспана берілді. Мамандықтары дәрігер болғандықтан, Ақжарқын Дәулет пен оның жұбайы Петропавлда шығыс медицинасы орталығын ашты.

«Біз медициналық орталық аштық, көптеген адамдар бізге көмектесті, бизнесіміз көтерілді. Мемлекет бастапқы кезеңде бізге Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 14 млн. теңге несие бөлді, Қазір біз Омбы мен Түменде осындай орталықтарды ашуды сұрадық. Біз олармен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», - деді отағасы Ақжарқын Дәулет.

Мадина Әбілқасымова Жұмыспен қамту бағдарламасының үшінші бағыты бойынша көшіп келушілерді қоныстандыру мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Айта кетейік, ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына 35 отбасы қоныс аударған, бұл шамамен 120 адам.

«Жалпы СҚО әр жыл сайын көшіп келушілерді көп қабылдайтын аймақ. Облысқа келіп, жұмыс жасап, қоныстану үшін барлық жағдайлар жасалған. Бағдарлама қатысушылары үшін салынған үйлердің сапасы жоғары екендігін атап өткім келеді. Жалпы, бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесін оң бағалаймын», - деді ведомство басшысы.

М.Е. Әбілқасымова Петропавлдағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында медициналық және әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысты және әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және білім беру орталықтары мамандарымен кездесті.

18 қазан, 2018 - 20:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші