A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ҮҚ жобасы

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      Көрсетілген қаулымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына берілетін мемлекеттік гранттарды беру шарттары мен тетіктерін айқындайды.

2. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___ жылғы «__» __________ № __ қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарын өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.»;

5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті инвентарьды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.

10. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.»;

14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;»;

16-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қорытындыны беру үшін ӨКП-ның жанындағы комиссия қажет болағн жағдайда мемлекеттік грант алуға үміткер адамдармен жеке әңгімелесу өткізеді не қосымша құжаттар сұратады.»;

Мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның мақсатқа сай пайдаланатындығын растауға міндетті.»;

23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде бастапқы бизнесті орындау жөніндегі кәсіпкердің қызметі туралы;»;

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 –2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:

1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша»;

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға өтініш» деген тақырып мынадай реадкцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға өтініш»;

бірінші және екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы ___ __________ № ___ қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруді сұраймын.

Өтінішке «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 14-тармағына сәйкес құжаттар қоса беріледі.»;

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшада:

2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымша»;

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның қорытындысы» деген тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның қорытындысы»;

Бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия):»;

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                   Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_pprk_-_granty_kaz-1.doc56.5 KB
Бөлімдер:
25 қазан, 2018 - 10:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші