A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

2025 жылға қарай 2 млн-нан астам жастар Қазақстандағы еңбек нарығына қатынасады

Халықаралық конференция

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Инвестиция - Жастарға» атты халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Форум аясында 35 елден келген 200-ге жуық сарапшы, жастар саясатындағы мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды әзірлеудегі озық тәжірибелермен бөліседі.

Конференцияда сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы бастамасына ерекше назар аударды.  Сондай-ақ, жастардың барлық санаттарын қолдау үшін істелетін шаралар кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажеттігін атап өтті.  

Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін төртінші өнеркәсіптік ревалюция дәуіріндегі басты мәселе - еңбек нарығына келетін жастардың қатарының көбеуюі,.

«Біз, 2025 жылға қарай еңбекке қабілетті жастардың қатары 446 мыңға артып, жалпы олардың саны 2,8 млн. адам болады деп болжап отырмыз. Сол себепті 2025 жылға қарай Қазақстандағы еңбек нарығына 2 миллионнан астам жастар келеді деген жорамалымыз бар. Бұл орта есеппен жылына 250 мың адамды құрайды. Осыған байланысты біздің басты міндетіміз – жастарға қажетті дағдыларды үйретіп, жұмысқа дайындауға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге немесе өз бизнесін бастауға жәрдемдесу.» - деді ведомства басшысы.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 2,1 млн. адам болды. Олардың 1,5 млн.-ы жалдамалы жұмысшылар, ал 456 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жастардың білім деңгейінде өсім бар. Олардың 36%-ы жоғарғы білім, 39%-ы орта білім, 25%-ы негізгі, жалпы және алғашқы білім алғандар.

Министр Әбілқасымова жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттары туралы да әңгімеледі. «Мемлекет басшысының бастамасы бойынша өткен жылы «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы іске қосылды, соның көмегімен аталған білім алу бағытына жыл сайын мемлекеттік тапсырысқа қосымша 21 000 білім гранты бөлініп келеді», - деді М.Әбілқасымова.

Бұдан басқа, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстары 1 жылға дейін ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жастардың 15 мыңға жуығы сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлаудан өтеді.

Білім беру мен еңбек нарығының өзара байланысын қамтамасыз ету үшін ұлттық біліктілік жүйесін құру жұмысы жүргізілуде. Кәсіпкерлікке оқыту және микрокредит беру арқылы жастарды жаппай бизнеске тарту үшін жағдайлар жасалды. Ағымдағы жылдың 9 айында 21,6 мың адам оқудан өтті, олардың 12,3 мыңы өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, 8,5 мың адам микрокредит алды. Олардың ішінде жастарға өз бизнесін ашу үшін 5,6 мың шағын несие берілді.

Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары шеңберінде елдегі ірі кәсіпорындармен бірге жастарды жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүріп келеді. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 137 мыңға жуық жас жұмысқа орналастырылды, оның 86 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды. 24,5 адам Жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндік алды.

Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, жастардың білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне, жұмыс тәжірибесіне, табысы мен тұрғылықты жеріне (қалада/ауылда) сәйкес жіктеу жұмыстары жүргізілді.

Жастар 7 санатқа жіктелді, олардың әрқайсысы білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау қажеттілігіне байланысты мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін болады.

19 қазан, 2018 - 19:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші