A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.

Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты мінез-құлқын едәуір негіздей отырып, қоғамның мемлекеттік қызметті және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру аталған әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуінің және дамуының, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметі мен мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарты болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.

Бедел, яғни имидж (ағылшын тілінің image сөзінен) – тұлғалардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейімделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі).

Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс.
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген.

Сонымен, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция, патриоттық сезім сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттік қызметшінің моралдік бейнесі болуы тиіс.

Тәртіптік теріс қылық жасағаны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. 

 

 

 

30 қазан, 2018 - 16:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші