A A A
Мазмұнына өту

You are here

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» индикаторларының бірі «Жұмыскерлер құқықтарын қорғау» индикаторы болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» индикаторларының бірі «Жұмыскерлер құқықтарын қорғау» индикаторы болып табылады.

2018 жылдың 31 қаңтарында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы шеңберінде Үкімет, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен республикалық кәсіподақтар арасында 2018-2020 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге және оны іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

Бұл жаңа форматты құжат Мемлекет басшысы белгілеген Үшінші жаңғыртудан туындайтын міндеттерді іске асыруға бағытталған және бар проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтиды.

Бас келісім барлық мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, жұмыскерлер және олардың өкілдері орындауы үшін міндетті болып табылады.

Бас келісімнің мақсаты Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес келісілген әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық саясатты жүргізу және лайықты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі негізгі қағидаттарды айқындау болып табылады.

Бас келісім экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты формалды және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адам капиталының, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік сапасын жақсарту мәселелері келісілген жеті бөлімнен тұрады.

Стандарттарды қолдану жөніндегі бойынша комитет және Халықаралық Еңбек ұйымының 1948 жылғы 8 шілдедегі Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі № 87 Конвенциясын қолдану бойынша ұсынымы мен конвенциясын қолдану бойынша сарапшылар комитетінің ұсынымын іске асыру бойынша Жол картасын орындау барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ҚР Үкіметіне енгізу ағымдағы жылдың қараша айында жоспарланып отыр.

Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп және «Еңбек жолы» республикалық конкурсының лауреаттарын марапаттай отырып, «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» атты Республикалық форумын өткізу 2018 жылдың қыркүйек айында болжанады.

«Парыз» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізу 2018 жылдың желтоқсанында жобаланып отыр.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында ҚРКФ оқыту, зерттеу және қақтығыстарды шешу орталығымен 34 семинар ұйымдастырылып өткізілді, 539 адам оқытылды, оның ішінде 18 көшпелі семинар және 320 адам оқытылды.

Семинарлар кәсіподақтардың салалық және аумақтық бірлестіктерінің төрағалары үшін, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері үшін «Ұжымдық шарт және ҚР Еңбек кодексінің нормалары», «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың негізгі рөлі», «Еңбекті қорғау: жұмысты жетілдірудің қазіргі заманғы аспектілері»; «Еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу», «Кәсіпорындарда еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база, жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алудағы кәсіподақтардың рөлі» тақырыптары бойынша ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Министрліктің қызметкерлері ағымдағы жылы орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық банк және «Атамекен» ҰКП өкілдерінен тұратын делегациясымен түсіндіру жұмысы шеңберінде «Doing business» рейтингідегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту аясында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бизнес-ахуалды жақсарту үшін өткізілген реформалар мен жүргізіліп жатқан саясаттың жетістіктері туралы егжей-тегжейлі және терең ақпараттандыру үшін бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен өңірлерде (Атырау, Ақтау, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Астана қалалары) көшпелі кездесулер мен дөңгелек үстелдерге қатысты.

Аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

1 қараша, 2018 - 17:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші