A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

«Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасы заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 

1. «Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12530 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  М. Әбілқасымова                            

____________

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

Т. Сүлейменов           

______________

 

Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығын күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2018 жылғы «___»__________ № ____ бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2018 жылғы «___»__________ № ____ бұйрығына анықтама-негiздеме

 

Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның 
ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт  қабылданған актіге сілтеме)

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы 27-бабының  2-бабына сәйкес

 

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің                      2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының                             51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz.

интернет-ресурсында 2018 жылғы 12 қыркүйекте орналастырылды

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы                          6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының      18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес   уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Көздемейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Көздемейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын  нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қоғамдық кеңестің оң сараптамалық қорытындысы

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау туралы мәліметтер

Көпшілік талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің                              интернет-порталында

орналастырылды

 

 

 

Заң қызметі департаментінің

директоры                                                                                   Е. Әмірғалиев

31 қазан, 2018 - 11:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші