check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы

 

Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 571 мың адамды қамту жоспарлануда.

2018 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 523,7 мың адам Бағдарламаға қатысқан, оның ішінде 410,8 мың (82%) адам жұмыссыздар және 93,1 (18%) мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Есепті күнге 411 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 293,5 мың адам немесе 71%-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрған.

Бірінші бағыт. Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша ағымдағы жылғы қабылдау жоспары 20,3 мың адамды құрайды. Бұл шара оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа, Бағдарламаға қатысушыларға колледждердің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтарының базасында қысқа мерзімді курстар шеңберінде қосымша мамандық (кәсіп) алу мүмкіндігі беріледі.

Биылғы жылы 37,2 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Есепті кезеңге оқуға 38,4 мың адам немесе жоспардың 103%-ы жіберілді.

Бұл ретте, Маңғыстау облысын ескермегенде (61%), барлық өңірлер қысқа мерзімді оқыту бойынша жоспарды орындауда.

Бағдарламаның негізгі көрсеткіштері оқудан кейін жұмысқа орналастыру болып табылады.

Сонымен, жалпы республика бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған 27,7 мың адамның 57%-ы немесе 15,7 мың адам жұмысқа тұрған.

Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде микрокредиттеу бағдарламасын кеңейту үшін бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтіліп, жалпы қаражат көлемі 62 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде ауылды жерлерде кредит беруге 45 млрд. теңге, қалаларда 17 млрд. теңге жұмсалады. 2018 жылы 14 мың адамды микрокредитпен қамту жоспарлануда (ауылдарда – 11 мың, қалаларда – 3 мың). Есепті кезеңде 8 492 микрокредит берілді, оның ішінде – 7 544, қалаларда 948 микрокредит берілді.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мың ауыл, шағын және моноқалалардың тұрғындарын оқыту жоспарланған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 21,6 мың адам немесе жоспардан 72% кәсіпкерлік негіздерін оқыды, оның ішінде 13,4 мың қатысушы өз бизнес-жобаларын қорғап шығып, оның ішінде 4,1 мың адам микрокредит алды.

Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Үшінші бағыт шеңберінде келесідей жұмыспен қамту шаралары қарастырылған: әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға жолдау, өңірлерден өңірлерге көшу үшін мемлекеттік қолдау көрсету арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету.

Осылайша, есепті кезеңге:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 16,5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған кезде 20,1 мың адам немесе жоспардан 122% жұмысқа орналасты;

- жастар практикасына 20,8 мың адамды жолдауға жоспарланған кезде                          24,6 мың адам жолданды немесе 118 %;

- қоғамдық жұмыстарға 75,4 мың адам немесе жоспардан 100% жолданды.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыскүші көп оңтүстік өңірлерден 1 278 отбасы немесе 4 687 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 138 адам жұмысқа қабілетті болып табылады (Павлодар облысы – 276 отбасы, СҚО – 335 отбасы, Қостанай облысы – 200 отбасы, ШҚО – 377 отбасы және Ақмола облысы – 90 отбасы). Оның ішінде 1 150 адам немесе 54% тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші