A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыс берушілер ұсынған мамандықтар арасында біліктілігі төмен жұмысшылар белсенді

ЭЕБ

2018 жылдың үшінші тоқсанында электронды еңбек Биржасына 255 мың 843 жұмыс орны және 121 мың 557 түйіндеме орналастырылды. Жұмыс орындары бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда тұр (29,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 11,5%), түйіндеме бойынша Алматы облысы алда (14,4 мың немесе жалпы санының 11,9% ). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

Шілде айы мен қыркүйек арасында орналастырылған жұмыс орындарының жалпы санының 28,8 пайызы біліктілігі төмен жұмысшыларға қатысты болып отыр (73 мың 781 адам) және  29,3% түйіндеме (35572 жұмыс іздеуші).

Жұмыс орындарының 21,2% кәсіпқой-маманға бағытталған (54274), 12,1% (30900 жұмыс орны) –өнеркәсіп, көлік және құрылыс саласының жұмысшыларына,  10,7% (27328) – қызмет көрсету және сауда саласына қажетті жұмысшы,  10,4% (26709) – өндірістік жабдықтау, жинаушы мен жүргізуші, 9,2% (23443) – техник-мамандар және басқа да қосалқы қызметкер, 3,8% (9653) – жетекшілер мен мемлекеттік қызметкер, 3,2% (8209) – облыстық әкімшілік қызметкерлері,  0,6% (1546) – шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық жұмысшылары.  

Біліктілігі төмен жұмыс орындарының 15,5 пайызы Шығыс-Қазақстанның үлесінде, Алматы облысы -  13,3%, Қарағанды облысы  –9,1%.

Біліктілігі төмен жұмысшылар жалпы құрылымы бойынша мына облыстарда сұранысқа ие болып отыр:  Алматы облысы (аймақтағы жұмыс орындарының 47,5%), Қызылорда облысы (45,6%) және Түркістан облысы (39,4%).

Жұмыс орындары бойынша кәсіпқой-мамандардың үлесі 21,2%, түйіндемеде –27,9%. Астана мен Шымкент қалалары бойынша сұраныс 9,7%, Қарағанды облысы бойынша –9% құрап отыр. Кәсіпқой-мамандарға сұраныс Маңғыстау облысында (аймақтағы жұмыс орындарының 38,5%),  Шымкент қаласында (36%) және  Жамбыл облысында (32,5%) әлдейқайда басым болып отыр.

12 қараша, 2018 - 15:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші