A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Үкіметі басшысының қатысуымен өтетін «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумына БАҚ өкілдерін тіркеу

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 

Сіздерді «Еңбек нарығының болашағы:жаңа мүмкіндіктер» форумының жұмысын насихаттауға шақырамыз. Форум 2018 жылдың  29-ы қарашасы күні Астана қаласында өтеді. 

 «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер»  форумы– әлемдік еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер контексінде Қазақстандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік  саланың мүмкіндіктерін  талқылауға арналып отырған алғашқы тематикалық алаң болып отыр. 

Форум барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылардың бірлесіп қабылдаған шешімдері бойынша пікір алмасу болады. Оның ішінде қазақстандық ірі жұмыс берушілердің, шетелдік инвесторлардың, ҚР Үкіметі мүшелерінің, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдерінің ой-пікірі тыңдалып, талқыланады.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық еңбек ұйымының ,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Германияның еңбек және әлеуметтік істер бойынша федералды министрлігінің , Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің,  Дүниежүзілік банк, Азиялық даму банкі, Еуразиялық қайта құру және даму банкі, «Атамекен» ҰКП, ірі трансұлттық және қазақстандық компаниялардың, ірі консалтингтік компаниялардың өкілдері қатысады.

 БАҚ өкілдері мына сайт бойынша тіркеледі www.enbek.kz (https://www.enbek.kz/kk/forum/accreditation), сондай-ақ,  тіркеуді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  мына электронды адресіне жолдауға болады  press_mtszn@mail.ru, телефондар: 74-35-00, 74-32-92.

Аталған шараға тіркелуі үшін БАҚ өкілдері   арнайы аккредитациялық  форманы толтыруы қажет. БАҚ өкілдерін тіркеу 2018 жылдың 22 қарашасы күні  18:00 аяқталады (Астана уақыты бойынша.)

Өтетін орны:  Астана қаласы, Сауран көшесі 46,  «Хилтон» қонақ үйі. 

Баспасөз орталығы осы  ғимараттың екінші қабатында орналасады және форум жұмысы 29-ы қараша күні сағат   09:00  басталады. 

ТіркемеМөлшер
PDF icon аккредитеттеу формасы101.17 KB
Оқиғаның күні және уақыты: 
Сәрсенбі, қараша 14, 2018 - 14:56
Тип новостей: 
Бөлімдер:
14 қараша, 2018 - 15:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші