A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

  1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22,  131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат;  № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат):

114-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сотталған әйелдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етiледi.».

  1.  «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат;  № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат;  2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10,  52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат;  № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ,   159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III,   109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға,  міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.».

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI,  159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 12, 32-құжат, № 11, 44-құжат):
  1. 1-баптың 23-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;».

 4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 50-құжат;):

1-баптың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«27) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;».

2-бап. Осы Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті

Бөлімдер:
14 қараша, 2018 - 15:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші