A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасы

  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасын әзірлеу қажеттігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциядағы жобасы (бұдан әрі – Негізгі заң жобасы) мен тұжырымдамасын әзірлеуге байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты болып отыр.

Негізгі және ілеспе заң жобаларының тұжырымдамасын әзірлеу  Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Ілеспе заңжобасында ұсынылып отырған «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ анықтамасына және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының таралуын жою туралы нормаларды қосу өзгерістерін енгізумен байланысты Негізгі заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерді сәйкестендіру ұсынылып отыр.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінде жүктілігіне және босануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сотталған әйелдерге берілетін жәрдемақының атауын сәйкестендіру қажет.

2) Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы

Негізгі заң жобасында «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының нормаларын қолданбау туралы нақтылаушы норма енгізу ұсынылады. Осыған байланысты аталған Заңға тиісті толықтыру енгізу қажет.

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры анықтамасының өзгеруіне байланысты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу ұсынылады.

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры анықтамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгеріс енгізу ұсынылады.

  1.  Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінің кейбір нормаларын Негізгі заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ оны қабылдаған жағдайда құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою.

4. Заң жобасын реттеудің мәні

Заң жобасында  міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында туындайтын  қоғамдық қатынастар реттеледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың құқықтық тетіктері айқындалады.

5. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

Заң жобасы екі баптан тұрады.

1-бапта Қазақстан Республикасының 1 Кодексі мен 3 Заңға өзгерістер енгізу көзделген:

  1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық атқару кодексі;
  2. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы;
  3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  4.  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»      2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңына.

2-бап заң жобасының енгізілу тәртібін анықтайды.

  1. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерде әлеуметтік қатерлер мен әлеуметтік төлемдер атауын өзгерту бөлігінде Негізгі заң жобасының ережелеріне қайшы келетін нормалар  анықталды.

7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасы заңнамалық актілердің нормаларын Негізгі заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіруді көздейді.

Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық кері салдарлар тудырмайды. 

  1. Әзірленетін заң жобасына басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді.

  1. Заң жобасының мәнін  басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеу

Қазіргі уақытта заң жобасын реттеу мәніне кіретін мәселелер тұтастай алғанда мынадай заңнамалық актілермен регламенттеледі:

  1. 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі;
  2.  «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ Қазақстан Республикасының  Заңы;
  3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Қазақстан Республикасының Заңы,

Бұл ретте, аталған заңнамалық актілер концепцияда ұсынылып отырған мәселелерді фрагментті реттейді.

  1. Қаралып отырған мәселе бойынша шет ел тәжірибесінің болуы

Халықаралық тәжірибеде әлеуметтік сақтандырудың негізі мемлекеттік органдар реттеп отыратын ақша қаражатын сақтандыру қорларына қалыптастыру болып табылады. Мысалы, Ресейде бюджеттен тыс міндетті әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру тәсілімен қалыптасады және РФ Сақтандыру қорын, РФ Әлеуметтік сақтандыру қорын, Федералды және аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорларын біріктіреді.

Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру «Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» РФ Заңының нормалары қолданылмайтын «Міндетті әлеуметтік сақтандыру негіздері туралы» Федералды заңмен реттеледі. Сақтандыру қызметі (сақтандыру ісі) - бұл сақтандыру, қайта сақтандыру, өз ара сақтандыру, сонымен қатар сақтандыруға, қайта сақтандыруға байланысты қызметтер көрсету бойынша сақтандыру брокерлері қызметінің аясы.

Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік сақтандыру  нарықтық экономиканың дамуы мен әр түрлі меншік түріндегі кәсіпорындардың қызметі, сақтандырудың жеке түрі ретінде өз кезегінде, екі түрге бөлінеді: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік емес әлеуметтік  сақтандыру. РФ Конституциясының 39-бабына сәйкес әлеуметтік сақтандырудың аталған түрлерінің біріншісі Ресей азаматтарына кепілдендіріледі, екіншісі – ынталандырады.

Осылайша, мемлекет нормативтік реттеу арқылы әлеуметтік сақтандыру қорларының қызметін құруды, олардың талаптары мен мақсаттарын белгілеуді нормативтік реттеу арқылы қаржыландыру көздерінің құрамын бекітеді,  оларда жинақталған қаржының нақты мақсаттарға қолданылуына қатаң бақылау жүргізеді.

11. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы Заң жобасын қабылдау бюджеттен де, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да шығынды қажет етпейді.

Бөлімдер:
14 қараша, 2018 - 15:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші