A A A
Мазмұнына өту

You are here

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

         3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

                   қорғау министрі                                                     М. Әбілқасымова

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және  халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

                         2018 жылғы   

№       бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау   министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау   министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының                   35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомствосының және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеулер лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері, олардың қызметін бағалау нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер, мерейтойлық даталар және еңбек сіңірген жасқа толу жағдайы бойынша қолданылады.

3. Министрліктің, оның ведомствосының және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

1) біржолғы ақшалай сыйақы;

2) алғыс жариялау;

3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;

4) грамотамен марапаттау;

5) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.

4. Министрлік орталық аппаратының, оның ведомствосының және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия құрамын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (бұдан әрі – Министр) немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің басшысы бекітеді және кемінде 5 адамнан тұрады.

5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және ведомствоның аумақтық бөлімшелерін ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің жауапты хатшысының және ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Министрліктің алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Министрдің алғысы жарияланады.

8. Министрлік грамотасымен, Министрдің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және Министрдің бұйрығымен рәсімделеді.

Министрлік грамотасымен, Министрдің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып жетекшілік ететін вице-министрмен (жауапты хатшымен) келісілген Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшыларының қолымен Министрліктің кадр қызметіне жолданады.

9. Ведомствоның аумақтық бөлімшелердің грамотасымен және ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді ведомствоның аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және ведомствоның аумақтық бөлімшілері басшыларының бұйрығымен ресімделеді.

Грамотамен және алғыс жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып ведомствоның аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен кадр қызметіне жолданады.

10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.

11. Грамота және алғыс хат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Министрдің немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшыларының қолы қойылады.

12. Мемлекеттік қызметшілерді Министр немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

13. Грамота мен алғыс хат жоғалған жағдайда олардың түпнұсқалары берілмейді.

14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді ведомстволық наградалармен марапаттау жүзеге асырылады.

15. Мынадай мемлекеттік қызметшілер:

1) алынбаған тәртіптік жазалары бар;

2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

3) Министрлікте, оның ведомствосында және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде бір айдан кем жұмыс істегендер көтермелеуге жатпайды.

ТіркемеМөлшер
Package icon kaz.zip83.57 KB
Бөлімдер:
15 қараша, 2018 - 15:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші