A A A
Мазмұнына өту

You are here

"ҚР ЕХӘҚ министрінің және ҚР ДСӘД министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 800 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму
министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасына
баспасөз-релизі
 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасы  «Қазақстан  Республикасының   кейбір  заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді және:

1) «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына және:

- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілін есептеу үшін қажетті құжаттардың тізімін Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек өтілдерін растайтын құжатпен толықтыру;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімін нақтылау бөлігінде;

2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына:

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау тәртібін көздейтін норманы толықтыру бөлігінде;

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты ең төменгі жалақының еселігін өзгерту бөлігінде (әлеуметтік аударымдардың ең жоғары нысанын анықтау кезінде, сондай-ақ еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде);

3) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде дербестендірілуге жататын санаттарының мәліметтерін анықтау бөлігінде;

- «Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а.  2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығына бірыңғай жиынтық төлемін енгізу және жеке зейнетақы шоттарды өтінішсіз негізде ашу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Бұйрықты қабылдау экономикалық және әлеуметтік салдарларға теріс әсер етпейді.

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_ministra_tszn_rk_gos.pdf114.49 KB
14 қаңтар, 2019 - 09:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші