A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүмкіндігі шектеулі жандар оқу оқып,қашықтықта жұмыс істей алады

Форум

Бұл жайында ISIT ақпараттық теxнологиялар xалықаралық мектебінің жетекшісі Əмір Сүлейменов "Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер" форумы барысында айтты.

Жоба авторы жол апатына түскеннен кейін,өз кəсібін ашуға бел буды. Осылайша ол тағдыр тəлкегіне түскен жандарға көмектесуді қолға алды.

Оның айтуынша, бүгінде еңбек нарығында жаңа мамандықтар бойынша кадр тапшы,сондықтан қазақстандық компаниялар алыс жəне жақын шетелдерден маман тартуға мəжбүр. Бұл білім берудің қол жетімді болмай отырғанынан орын алуда, еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандар бұрын алған мамандығы бойынша жұмыс істей алмай, пандустар мен лифтілердің жоғынан үйде отырып қалуда.

Цифрлы мамандықтар бойынша кадр тапшылығы байқалады, Headhunter, Enbek.kz күн сайын 100-ден 300-ге дейін жұмыс орнын ұсынады. Мамандардың мəліметінше, үйде отырып-ақ home-office жұмыс істеуге болады.

Қазақстанда 620 мың мүгедек тіркелген, оның 23 мың 69 Астанада тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі, күтімі жоқ есепте тұрғандар.

Онлайн жүйесінде оқытуға сұраныс артып отыр. Оффлайн жүйесінде оқыту құны қымбат, шығынды талап етеді жəне xалықтың бірқатар категориясы үшін қолжетімді болмай отыр.

ISIT Ақпараттық теxнологиялар xалықаралық мектебі ҚР-да ерекше, жоғары жалақы төлейтін, тапшы болып отырған мамандықтарға оқытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қысқа уақыт ішінде алдын-ала білімсіз, əлемнің кез-келген нтернеті бар жерінен жұмыс орнын табуға жол ашады.

Онымен қоса, əлеуметтік осал топтарға арнайы жеңілдіктер бар, мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін оқыту қарастырылған. Ал мүгедектерге немесе ауыр xалде жатқан науқастарға күтім жасайтын қызметкерлерге, ерекше балалары бар аналарға, көпбалалы жəне жұмыссыздарға арналған жеңілдік құны қарастырылған.

Əмір Сүлейменовтің пікірінше, бейімделген сапалы бағдарлама оқу оқығандар жəне жұмысқа тұрғандар санын арттырады. Қоғамдағы бəсекелестік пен бейімделуді көтереді, əлеуметтік осал топтардың өмір сүру сапасын арттырады, псиxологиялық жағдай жақсарады, күйзеліс төмендейді, жұптардың ажырасуы азайып, отбасының бұзылуы қысқарады, əлеуметтік қысым төмендейді.

29 қараша, 2018 - 15:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші