check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237–ө ҚР ЕХӘҚ министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 шілдедегі 237–ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6) бабының 4-абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту қағидаларында:

         8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) атаулы әлеуметтік көмек;

2) тұрғын үй көмегі;

3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

4) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

5) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

6) күнкөрісі төмен отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

7) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

8) облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейін есептеу кезеңінде белгіленген кедейлік шегінен төмен жалпы сомасы ақшалай және зат түрінде (құнын бағалауда) көрсетілген қайырымдылық көмек.

Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнің кедейлік шегінен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есептi кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;

9) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

10) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

11) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек түрлері:

дәрілік препараттар;

санаторлық-курорттық емдеу;

протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

мүгедектерге бөлінген жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа да оңалту құралдары;

тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында Қазақтан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес көрсетілетін көмек;

13) ата-ананың қарауынсыз қалған жетім баланы және (немесе) балаларды асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;

14)  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде алынған келесі табыстар:

қоғамдық жұмыстар;

әлеуметтік жұмыс орындары;

жастар практикасы.».

16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай түрде алынған табысы ескеріледі:

1) жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:

жалақының барлық түрлері, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);

қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;

ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезiнде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;

сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;

бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн төлем түрлерi;

мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;

жұмыс берушi төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;

2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;

мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;

    жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;

    мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

    бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;

үйде оқитын мүгедек балаларды оқыту шығындарын өтеу;

    қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап бағуға берілетін жәрдемақы;

    патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) бағып-қағуға берілетін төлем;

    мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;

    жұмыс берушінің қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;

    жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

    Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне үстемеақылар мен қосымша ақылар.»;

келесі мазмұндағы 37) тармақпен толықтырылсын:

    «37. жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын отбасының жиынтық табысына қаржылық жылға сәйкес 1 қаңтардан бастап қолданыстағы және республикалық бюджет туралы заңнамада бекітілген 10 есе ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс ретінде есептелмейді.»

осы бұйрықтың 2 қосымшасы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықтың 3 қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықтың 4 қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсы;

осы бұйрықтың 5 қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықтың 6 қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықтың 7 қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                         М. Әбілқасымова

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрлігі 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрлігі 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1._proekt.doc226.5 KB
Microsoft Office document icon 1._proekt.doc238 KB
Бөлімдер:
11 желтоқсан, 2018 - 12:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші