check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы IV тоқсандағы қорытындысы

       

         Iшкі аудит департаментінің 2018 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

                 

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғамы )

       Сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілді, нәтижесінде 342,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық  2844,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды: қызметкерге қосымша төлемақы және іссапар шығыстары дұрыс есептемелген, кадрлік есебінін ұйымдастару және кадрлік құжат айналымы  жүзеге асырылмады, т.б. 

        Қайтаруға жататын  342,2  мың теңге сомасы,толығымен қайтарылды.

        Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Қоғамына аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

        Бұзушылықтарды жібергені үшін бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының басшысына – бас бухгалтер, қаржыны жоспарлау және талдау басқармасының басшысы мен кадр қызметі және құжаттамалық қамсыздадыру басқармасының басшысына тәртіптік жаза шаралары түрінде ескерту қолданылды.

     Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

     Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын)

    Сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың  қараша айында жүргізілді,оның нәтижесінде   2909,7 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: негізгі құралды тиімсіз пайдалану, қызметкерге қосымша төлемақы және іссапар шығыстары дұрыс есептемеу,  конкурсқа қатысу бойынша өзi берген  өтiнiмдi қамтамасыз етудi  ықтимал өнiм берушілерге дер кезінде қайтарылатын талабы сақталмауы аңықталған және т.б.

      Қайтарылатын 2748,9 мың теңге және қалпына келтіруге 160,8 мың теңге сомалар жатады, аудит кезінде барлығы бұзушылықтар сомалар  қайтарылды және қалпына келтірілді.

  Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Кәсіпорынға аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

   Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

 

 

10 желтоқсан, 2018 - 16:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші