A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Қазақстанда жұмысбасты ер адамдардың саны 100 мыңға артты

работа

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің  «2018 жылдың III тоқсанындағы еңбек нарығының жағдайы туралы»  ақпараты бойынша, 2018 жылдың III тоқсанында 15 жас және одан да үлкен жастағы  жұмыс күшінің саны   9,2 млн адамды құрады.

Екінші тоқсанның қортындысымен сәйкестендіретін болсақ, 15 жас және  одан үлкен жастағы жұмыс күшінің саны 9,1 млн адамды құраған болатын.

Республика экономикасында 8,7 млн адам  немесе 15 жас және одан үлкен жастағы халықтың 67 пайызы жұмыс басты болды, (екінші тоқсанда 8,6 млн. адам немесе 15 жас және одан үлкен жастағы халықтың 66,6% ).  Жалдамалы жұмысшылар саны 6,6 млн. адамды құрады,  бұл 2017 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 216,1 мың адамға (3,4 пайызға) артып отыр.

2018 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыс басты 8,7 млн адамның 4,5 млнын ер азаматтар құрады(оның 3,39 млны жалдамалы жұмысшы және  1,11 млны өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, соның ішінде  1,022 млны – өзін қамтыған жұмысшы, 86 мыңы жұмыс беруші,  3,8 мыңы отбасы кәсіпорындарында жалақы төленбейтін көмекші жұмысшы,  2,8 мыңы кооператив мүшесі) және  4,2 млны – әйелдер(оның 3,22 млны  жалдамалы жұмысшы,  1 млн өзін жұмыспен қамтығандар, соның ішінде 950,7 мыңы өзін қамтыған жұмысшы, 45 мыңы –жұмыс беруші, 3,7 мыңы отбасы кәсіпорындарында жалақы төленбейтін көмекші жұмысшы, 1,1 мыңы кооператив мүшелері).

2018 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша, республика экономикасында 4,4 млн ер азамат және 4,2 млн әйел азамат жұмыспен қамтылған.

Екінші тоқсанмен салыстырғанда үшінші тоқсанда жұмыс беруші ретіндегі  өзін қамтыған әйелдердің үлесі артты  (екінші тоқсанда олардың саны 44,6 мың әйел болса, үшінші тоқсанның қортындысы бойынша жұмыс беруші-әйелдер саны 45 мың адамға жеткен) , бұл орайда  жұмыс беруші ер азаматтардың үлесі екінші тоқсанда 93,3 мыңнан  үшінші тоқсанда 86 мыңға қысқарған. 

Екінші тоқсанда отбасылық кәсіпорындарда ақысыз көмекші ретінде жұмыс істеп жүрген 3,4 мың  ер адам және сонша әйел адам еңбек етті. Үшінші тоқсанда осы санатқа 3,8 мың ер адам және 3,7 мың әйел адам кірді.  

Ұйымдарда жалдамалы жұмысшы үлесі  – 89,7% (5,9 млн. адам) құрады. Өзін-өзі қамтыған тұлғалардың саны 2,1 млн адамды құрады. Өзін-өзі қамтығандардың басым бөлігі (38,3 пайыз) ауыл шаруашылық саласында өз кәсібін айналдырып отырды, сондай-ақ  сауда саласында (31,1%), көлік қызметін көрсету  (10,2%) және құрылыста  (7,2%).

Үшінші тоқсанда жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 3,484 млны орташа кәсіптік білімі барлар болып отыр  (оның 1,855 млны ер адамдар,  1,629 млны әйелдер); 3,368 млны – жоғары білімді (1,826 млны әйелдер,  1,542 млны ерлер); 1,275 млны – орташа білімді  (740,1мыңы ерлер,  535,2 мыңы әйелдер); 400,9  мың адам – бастапқы кәсіптік (265,5 мыңы ер азамат және  135,4 мың әйел); 117 мыңында – аяқталмаған жоғары білім (68,6 мыңы ер азамат, 58,4 мыңы әйел); 77,3 мыңы – негізгі  (43,6 мыңы ерлер және  33,7 мыңы әйел); 5,2 мыңында – бастауыш білім  (2,9 мыңы әйел,  2,3 мыңы ер адам).

 Жұмысы жоқ, белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген 15 жас және одан үлкен жастағы жұмыссыздар саны 2018 жылдың үшінші тоқсанында  441,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздар деңгейі 4,8 пайызды көрсетіп отыр (2017 жылдың III тоқсанында 4,9 пайызды құрағанды). 

2018 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша жұмыссыздар арасында ер адамдардың үлесі   45,0% (198,5 мың адамды), әйелдердің үлесі  – 55,0% (243,1 мың адам) құрады.

2018 жылдың  III тоқсанында жұмыссыздар арасында 15-24 жас аралығындағы жастардың  үлесі 8,6% немесе 38,1 мың адамды, 15-28 жас аралығында 18,5% немесе  81,9 мың адамды құрады.  Жастардың жұмыссыздық деңгейі  15-24 жастағылар бойынша 3,7%, 15-28 жастағылар бойынша  3,9% құрады.

14 желтоқсан, 2018 - 09:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші