A A A
Мазмұнына өту

You are here

Азаматтықты өзгерту және Қазақстан Республикасында жұмысты жалғастыру.

Жұбайым ЖШС-да жалдамалы жұмыскер болып жұмыс істейді. Жұбайым - Қазақстан Республикасының резиденті. Жыл соңында ол Қазақстан Республикасының азаматтығын Ресей Федерациясының азаматтығына ауыстырады. Жұмыс берушімен азаматтықты өзгерткеннен кейін де жұмысын жалғастыра береді деп келістік.

Заңнамаға сәйкес, оған жұмыс рұқсаты қажет емес, еңбек шарты болса жеткілікті. Осы тұста сұрақ туындайды. Қолданыстағы еңбек шартын бұзып, жаңасын жасаған дұрыс па? Немесе жұмыскердің деректері өзгергені туралы қолданыстағы еңбек шартына қосымша келісім жасау керек пе?

Жауап:

Интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мүше мемлекеттер болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап Армения Республикасы, 2015 жылдың 12 тамызынан Қырғыз Республикасы шартқа қосылды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт төрт экономикалық игіліктің - капиталдың, қызметтердің, жұмыс күшінің және тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасайды.

Жұмыс күшінің қозғалысы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін барлық әкімшілік кедергілерді жойды.

Осылайша, Қазақстан азаматтығын Ресей Федерациясына ауыстыру жұмыскердің еңбек жағдайларын өзгертпейді.

Бұл ретте, еңбек қатынастары тараптарының деректемелері өзгерген жағдайда (Кодекстің 28-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы) Кодекстің 33-бабының                  2-тармағында белгіленген тәртіппен еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Салық мәселелеріне қатысты  Сізге салық органдарына (Қаржы министрлігі) жүгіну қажет.

20 желтоқсан, 2018 - 10:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші