A A A
Мазмұнына өту

You are here

Өзбекстан азаматтарын қашықтан жұмысқа қабылдау.

Сәлеметсіз бе! Қызметкерді қашықтан жұмысқа алу туралы тағы бір сұрағыма жауап беріңізші. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-бабында қызметкерді қашықтан жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған (яғни қызметкер жұмыс процесінде жұмыс берушінің орналасқан жерінен тыс ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін орындайды). Демек, көп мәселелер еңбек шартында реттелуі керек.

Жауап:

Қойған сұрақтарыңызға мәніне қарай келесіні хабарлаймыз.

Бірінші және екінші сұрақтар бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 138-бабында жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен жұмыс берушінің орналасқан жерінен тыс қашықтықтан жұмыс істеу көзделген.

Осылайша, Сіз жеке тұлғаны, оның ішінде шет мемлекеттің азаматын қашықтан атқарылатын жұмысқа тартуға құқылысыз ол тұрақты тұратын елінде өз қызметін жүзеге асыратын болады.

Бұл ретте, қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақыты белгіленген, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады. Қашықтағы жұмысқа тартылған жұмыскерлер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат алу талап етілмейді.

Үшінші сұрақ бойынша

Кодекстің 8-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасы ратификациялаған заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайда, Қазақстан Республикасында орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен (немесе) өкілдіктерін қоса алғанда, қызметкерлерге және жұмыс берушілерге қолданылатының атап өту қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында мұндай жағдайда кай мемлекеттің заңнамасын басшылықка алу керектігі жөнінде нақты норма болмағандықтан, «тараптардың келісімі бойынша» нұсқасын таңдауға, яғни еңбек шартында қай мемлекеттің заңнамасы басшылыққа алынатыны корсетуге балады деп есептейміз.

20 желтоқсан, 2018 - 10:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші