A A A
Мазмұнына өту

You are here

ШЖК тарту үшін дипломның сәйкестігі.

Қайырлы күн! Сіздерден мына жағдайды түсіндіріп берулеріңізді сұраймын: Біз Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан шағын аграрлық компаниямыз. Өз елінде осындай ұқсас компанияда лаборант лауазымында 5 жыл қызмет атқарған шетелдік жұмыскерге жұмыс рұқсатын алуымыз керек, бұрын істеген компаниядан растау бар және физик дипломы бар, біліктілік анықтамалығына сәйкес тиісті мамандық, яғни  физик мамандығы бойынша орта арнайы / жоғары білім қажет.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес «техник-лаборант» лауазымына келесідей біліктілік тарифтік талаптары қойылады:

I санаттағы техник-лаборант: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және екінші санаттағы техник-лаборант ретінде кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі;

II санаттағы техник-лаборант: тиісті мамандық бойынша (біліктілік) орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ техник ретінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

Техник-лаборант: мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Осыған байланысты, шетелдік жұмыскердің біліктілігі «Техник-лаборант»  лауазымына қойылатын жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келсе және жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту қағидалары мен шарттарында көзделген талаптарды сақтаса, уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.

20 желтоқсан, 2018 - 10:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші