A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмысқа рұқсат алу

Қайырлы күн!

Біздің компания – 100% шетелдік жарғылық капиталы бар компания. Құрылтайшысы Лондон, Ұлыбританияда тіркелген заңды тұлға болып табылады.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесінің 16-тармағына сәйкес шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен оның орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер рұқсат алудан босатылады.

Осылайша, Қазақстанда жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары жұмыс рұқсатын алудан босатылады.

 

Басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Рұқсат беруді өңірдің шетелдік жұмыскерді тарту үшін жергілікті атқарушы органдары  іске асырады.

Шетелдің қатысуымен заңды тұлғаның мәртебесін растауға қатысты Сіз Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне хабарласуларыңыз керек.

Жауабымен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа жүгіне аласыз.

20 желтоқсан, 2018 - 10:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші