A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жеке кәсіпкер үшін шетелдік қызметкерді тартуға рұқсат алу қажет пе?

Сәлеметсізбе. Жеке кәсіпкер Ресей Федерациясының азаматын жай жұмыскер ретінде жұмысқа қабылдай ала ма? Бұл үшін рұқсат алу керек пе? Қажет болған жағдайда қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сіздің өтінішінізді қарап, келесіні хабарлайды.

 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тарту үшін тиісті әкімшілік бірліктің жергілікті атқарушы органдары шығарған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырады.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабына сәйкес, мүше мемлекеттің жұмыс берушілері және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілері мүше мемлекеттердің еңбекшілерін ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, еңбек қызметін жүзеге асыруға тартуға құқылы. Бұл ретте мүше мемлекеттер еңбекшілерінің жұмысқа орналасу мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуы талап етілмейді.

Осылайша, жеке кәсіпкерлерге Ресей Федерациясының азаматтарын шетелдік жұмыс күші ретінде тартуға рұқсат алу қажет емес.

20 желтоқсан, 2018 - 10:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші