A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бірыңғай жиынтық төлем

Бейресми жұмыспен қамтылғандардың құрамында көлеңкелі экономика секторында жұмыс істеу үшін өзіндік себептері бар адамдардың әртүрлі санаттары бар (жалдамалы жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар). 

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген әлеуметтік зерттеу барысында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 50%-дан астамы кірістері өскен және тұрақталған, тіркеу рәсімі жеңілдеген және салық жүктемесі төмен болған жағдайда өз қызметін заңдастыруға дайын екендігін білдіреді. 

Қазіргі уақытта, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде көрсетілген 6 салық режимінің бірін қолдана алады, олар: жалпыға бірдей, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимдері, жеңілдетілген декларация, патент негізінде, бірыңғай жер салығын төлеу және бекітілген шегерімді пайдалану.

Барлық режимде тіркелу, есептілік/декларация ұсыну, әлеуметтік төлемдерді жеке есептеу қажет. Тиіссінше тіркелу үшін жоғары қаржылық жүктеме, салық органдарында тіркелудің және есептен шығарудың қиын рәсімдері, көптеген төлем жүйелерінің болуы, әкімшілік ету және есеп беру қиындықтары кедергілер болып табылады.

Осыған орай, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде арнайы салық режимін – бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) енгізу арқылы тіркелуді және салық ауыртпалығын жеңілдету көзделген.

Формальды емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер БЖТ арқылы мемлекетті өз қызметі туралы хабардар етіп, жеңілдікті шарттарда жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын (БЖЗТ) және әлеуметтік (МӘСҚ) және медициналық (ӘлМСҚ) сақтандыру төлемдерін төлейді.

БЖТ төлемшілері үшін аталған төлемдер бойынша төмен ставкалар анықталады.

БЖТ бойынша ұсынылатын мөлшер: қала үшін – 1 АЕК (2405 теңге), ауыл үшін – 0,3 АЕК (722 теңге). БЖТ төлеушінің ең жоғарғы табысы – айына 235 700 теңге/жылына 2 828 400 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне автоматты түрде тіркеудің басталғанын білдіреді, бір ай ішінде төлемнің болмауы автоматты түрде қызмет тоқтатылады. Аталған режим тіркеуді және салықтық есептілікті ұсынуды көздемейді.

Төлем банк немесе терминалдар арқылы төленеді, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ оны әлеуметтік қорлар мен бюджеттер арасында бөледі.

Бірыңғай жиынтық төлем кіріс алу және табыс табу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға, оның ішінде:

  • жалдамалы жұүмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • жеке тұлғалар үшін жұмыс атқаратын, қызмет көрсететіндер;
  • жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланудае алыған ауыл шаруашылығы өнімдерін (акцизделген өнімдерден басқа) өндіретіндер қолданылады.

Ұсынылып отырған шара жоғарыда көрсетілген жеке тұлғалардың қызметін фомализациялауға серпін беріп, формальды секторда жұмыс істеу  және бюджетке тиісті салықтар мен әлеуметтік төлмдер төлеуге тиімді болады.

7 қараша, 2018 - 12:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші