A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ағымдағы жылдың 9 айында мүгедектер үшін инфрақұрылымы жоқ 87 ұйымға 19,5 млн теңгеге айыппұл салынды

доступная среда

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының сақталуы бойынша 427 бақылау түрлері, оның ішінде мүгедектерге мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көліктік қызмет көрсету және т. б. салаларында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділігіне қамтамасыз етпеген нысандар бойынша тексерулер жүзеге асырылды.

Қазақстанда 670 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген.

ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес,  әлеуметтік нысандарда және көліктік инфрақұрылымдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың  жүріп-тұруына жағдай жасалмаған болса, лауазымды тұлғаларға  50 АЕК, шағын  бизнес субьектілеріне  120 АЕК, орта – 200 АЕК, ірі бизнес субтектілеріне - 400 АЕК айыппұл салынады.

Жыл бойы осы бұзушылықтар қайталатын болса лауазымды тұлғаларға 80 АЕК көлемінде, шағын бизнес субьектілеріне  – 150 АЕК, орта бизнеске – 250 АЕК, ірі кәсіпкерлікке  – 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Нәтижесінде, 318 бақылау субъектісі бойынша ұйғарымдар және анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешімдер, оның ішінде 87 әкімшілік (ӘҚБТ Кодекстің 83, 84-баптары) жалпы сомасы 19,5 млн. теңгеге айыппұлдар салынды.

ҚР Кәсіпкерлік туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекелдікті бағалау критерийлері өзгертілді. Олар «таңдаулы тексерулер және өзге де бақылаудың формалары институты» орнына енгізіліп отыр.

Қазіргі уақытта  2019 жылдың бірінші жартысында  мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамту бойынша 400 субьектіні профилактикалық бақылау тізімі бекітіліп қойды.

Бүгінгі күні облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана мен Алматы әкімдіктері әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер үшін қолжетімділікті  қамтамасыз етуге арналған ауқымды іс-шараларды іске асыруда.

Жергілікті атқарушы органдар паспорттауға жататын 32,6 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін белгіледі, олардың ішінен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтауға арналған 32 мың объектіні паспорттау (98,0%),  21,1 мың (64,7%)  объектіні бейімдеу жоспарланды.

Паспорттау 31,5 мың объектіде (жоспарланғанның ішінен 98,6%) жүргізілген, ал 19,5 мың объектілері (95%) бейімделіп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қолжетімді орта» интернет-порталын жүзеге асырады. Ал, жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде еліміздің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты жаңартып отырады. Портал жүргізілген іс-шаралардың азаматтық қоғам үшін онлайн-режимінде әрбір объектінің бейімдеу сапасына баға беруге ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

«Қолжетімді орта» порталында денсаулық сақтау объектілері, білім беру, мәдениет, мемлекеттік органдардың, сауда, қызмет көрсету және т. б. 30 мыңнан астам нысан туралы мәліметтер бар.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ғимараттардың нысандарын жобалау, құру, эксплуатациялау және жөндеу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолжетімді ортамен міндетті түрде қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.

24 желтоқсан, 2018 - 12:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші