A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландырады

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің процесстерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мүгедектікті белгілеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетудің 2018 жылға арналған жол картасын іске асыруда, ол 8 мемлекеттік қызметті проактивтік форматта ұсынуды көздейді («Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау», «Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау», «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау», «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруында қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту қабілеті бұзылған мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»).

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға проактивтік түрде, яғни өтінішсіз мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттар рәсімделетін болады, бұл мүгедектердің бағытын қысқартуға, олардың тиісті қызметтерді алуы үшін көрсетілетін қызметті берушілерге бару қажеттілігін жоюға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға мүмкіндік береді.

Жол картасын іске асыру шеңберінде Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің, Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының, қалалық/аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлеріне мүгедектікті белгілеуге байланысты проактивті мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестері тұрғысынан ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуге оқыту курстары жүргізілді.

26 желтоқсан, 2018 - 16:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші