A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» ҚР ҮҚ

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы»

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                                                              Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің

2018 жылғы «   »                   
№     
қаулысымен бекітілген

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының тізбесі

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жұмыспен қамтылған адамдардың мынадай санаттарын қамтиды:

1) мыналарды:

- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратындарды;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратындарды;

- қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратындарды;

- құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, ісін енді бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;

2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылған жұмыскерлер;

3) табыс алу үшін тауарлар өндірумен және өткізумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен дара негізде айналысатындар (тіркелмегендер және тіркелгендер қатарынан жұмыс істемейтіндер);

4) табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз тауарлар өндірумен және өткізумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен дара негізде айналысатындар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істеп жүргендер);

5) отбасылық кәсіпорындардың еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;

6) табысы ең төмен күнкөріс деңгейiнен аз, жеке қосалқы шаруашылығында сату (айырбастау) үшін өнім өндірумен айналысатындар;

7) табысы ең төмен күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері.

ТіркемеМөлшер
Package icon dokumenty.zip388.79 KB
Бөлімдер:
27 желтоқсан, 2018 - 11:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші