A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті

жәрдемақы

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ)   еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты.

Бұл  88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

Осы орайда еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда  берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі  15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы  20,6 мыңнан  21,7 мың теңгеге дейін өсті.

3 қаңтар, 2019 - 15:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші