check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.                                                                          

 

          Қазақстан Республикасының

              Премьер-Министрі                                                                      Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 2._pravila_kaz.doc69 KB
Microsoft Office document icon 3._pz_k_pprk_kaz.doc40 KB
Бөлімдер:
4 қаңтар, 2019 - 14:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші