check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы

 «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығының күші күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12773 болып тіркелді).

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

           Қазақстан Республикасының

           Еңбек және халықты

           әлеуметтік қорғау министрі                                                             М. Әбілқасымова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon spravka3.doc27 KB
Бөлімдер:
9 қаңтар, 2019 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші