A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық

жүйесін қалыптастыру және оның

нәтижелерін пайдалану ережесін бекіту туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н.Мұкышевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрі                            М. Әбілқасымова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және комуникациаляр министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

КЕЛІСІЛДІ                                                             

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ                                                             

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

Бекітілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы _______ ______бұйрығы

 

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары

 

  1. тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қағидалар Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану тәртібі тетіктерін айқындайды.
  2. Еңбек ресурстарының ұлттық болжам жүйесі мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы № қаулысымен бекітілген өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрларды қысқа мерзімді оқыту және қайта даярлау мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың негізі.
  3. Еңбек ресурстарының ұлттық болжам жүйесі әзірлеудің мақсаты еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздіктерді анықтау болып табылады.
  4. Еңбек ресурстарының ұлттық болжам жүйесі республикалық деңгейде әзірленеді және өңірлерге, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға арналған аймақтық болжамдарды қамтиды, және үш негізгі элементтен тұрады:

1) еңбек ресурстарының қысқа мерзімді болжамы, болжау мерзімі – 1 жыл;

2) еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамы, болжау мерзімі – 5 жыл;

3) еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді болжамы, болжау мерзімі – 2050 жылға дейін;

  1. Қысқа мерзімді болжам жұмыссыз халықты және жұмыс іздеп жүрген адамдарды қысқа мерзімді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру үшін қажетті кәсіптердің тізбесін анықтау болып табылады.
  2. Еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамы кәсіптер (сабақтар, лауазымдар) бөлінісінде нарығындағы болжамды теңгерімсіздікті айқындау және теңгерімсіздіктерге әкеп соғатын себептерді анықтау және жою жөнінде алдын ала шаралар қабылдау, сондай-ақ болжау кезеңінде еңбек ресурстарының теңгерімсіздіктерін жою немесе қысқарту үшін білім беру, көші-қон және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында әзірленеді.
  3. Еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді болжамы өзгеріп отырған Еңбек нарығының басымдықтарын анықтау және білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау құрылымын еңбек ресурстарына экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келтіру болып табылады.
  4. Еңбек ресурстарының ұлттық болжам жүйесі «Еңбек ресурстарын болжаудың Ұлттық жүйесі» ақпараттық-талдау тұғырнамасын (бұдан әрі – тұғырнама) қолдана отырып қалыптастырылады.
  5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган платформаны әзірлеуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  6. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы платформаның жұмыс істеуін және жедел басқаруды қамтамасыз етеді.

 

2 тарау. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру

  1. Еңбек ресурстарының қысқа мерзімді болжамы әрбір тоқсан сайын қалыптастырылады және ол әзірленген тоқсанды қоспағанда, төрт тоқсан кезеңін қамтиды.
  2. Еңбек ресурстарының қысқа мерзімді болжамы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің берілетін ақпараты негізінде «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тоқсан сайын қалыптастырылады.
  3. Еңбек ресурстарының қысқа мерзімді болжамы, есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей, адамдардың кең тобына арналған платформаның жария модулінде орналастырылуға жатады.
  4. Еңбек ресурстары ұсынысының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы демографиялық модельге негізделеді, демографиялық модельді әзірлеу үшін бастапқы деректер өңірлер, жергілікті жердің үлгісі, бір жылдық жасы және жынысы бойынша орта мерзімді болжамды қалыптастыру жылының алдындағы кемінде бес жылдық кезең үшін мынадай мәліметтер болып табылады:
  1. халықтың, оның ішінде жұмыс күшіне жатқызылатын саны;
  2. халықтың туу көрсеткіші;
  3. негізгі себептер бойынша халықтың өлім-жітімі;
  4. бағыттар бөлінісінде xалықтың көші-қоны;
  5. өңір бөлінісінде жұмыспен қамтылған аймақ-сала;
  6. электрондық еңбек биржасынан еңбек нарығындағы Тарихи сұраныс пен ұсыныстар.
  1. Еңбек ресурстары ұсынысының болжамын әзірлеу үшін бастапқы деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жыл сайынғы негізде 15 сәуірден кешіктірмей береді.
  2. Еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамы жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қоспағанда, кейінгі бес жыл кезеңін қамтиды.
  3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға болжамды сұранысты айқындау мақсатында мемлекеттік органдар жыл сайын 15 наурызға дейін платформаның «Орта мерзімді болжамы» модуліне жүктеу арқылы осы Ережелерге қосымшаға сәйкес еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мәліметтерді ұсынады.
  4. Мемлекеттік органдар болжамды әлеуметтік-экономикалық параметрлерге өзгерістер енгізген кезде осы Ережелердегі қосымшаға сәйкес жаңартылған мәліметтер 5 жұмыс күні ішінде платформада жаңарту түрінде ұсынылуға тиіс.
  5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын тарта отырып, жыл сайын демографиялық модельді өзектендіреді.
  6. Орта мерзімді болжамды жыл сайынғы негізде әзірлеу мақсатында 15 наурызға дейін келесі ақпарат ұсынылады:
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

өткен бес жыл ішінде жастар мен аймақтардағы мектепке дейінгі жастағы балалардың саны туралы;

сыныптар мен жас бөлінісіндегі білім алушылардың саны туралы, орта білім беру ұйымдарындағы контингенттің қозғалысы туралы, оның ішінде шығып кету себептері бойынша кеткендердің (өңірден тыс, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына түскендерді қоса алғанда), келесі сыныпқа ауыстырылған, өңірлер бөлінісінде өткен бес жылда жұмысқа орналастырылған бітірушілердің саны туралы;

мамандықтар мен жас ерекшеліктері бөлінісінде білім алушылардың саны туралы, орта білімнен кейінгі (техникалық және кәсіптік) білім беру ұйымдарындағы контингенттің қозғалысы туралы, оның ішінде келесі курсқа ауыстырылған кету себептері бойынша кеткендердің саны (жоғары білім беру ұйымдарына түскен өңірден тысқары шығуды қоса алғанда), мамандықтар бөлінісінде өткен бес жылда өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналастырылған бітірушілердің саны мен жалпы саны туралы;

мамандықтар мен жас ерекшеліктері бөлінісінде білім алушылардың саны туралы, жоғары білім беру ұйымдарындағы контингенттің қозғалысы туралы, оның ішінде кету себептері бойынша кеткендердің (өңірден тыс шығуды қоса алғанда), келесі курсқа ауыстырылған саны, мамандықтар бөлінісінде өткен бес жылда өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналастырылған бітірушілердің саны мен жалпы саны туралы;

  1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

өңірлер бөлінісінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың саны және өткен бес жылдағы бас бостандығынан айыру мерзімдері туралы;

өңірлер бөлінісінде алдағы бес жылда жазасын өтеу орындарынан бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың бағалау саны туралы;

өңірлер бөлінісінде жақын арадағы бес жылда әскери қызметшілерді шақырудың және азаматтық персоналды қабылдаудың, сондай-ақ оларды босатудың, оның ішінде запасқа шығарудың болжамды саны туралы;

  1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

өңірлер бөлінісінде жақын арадағы бес жылда әскери қызметшілерді шақырудың және азаматтық персоналды қабылдаудың, сондай-ақ оларды босатудың, оның ішінде запасқа шығарудың болжамды саны туралы;

өңірлер бөлінісінде әскери қызметтен запасқа шығарылғандардың болжамды саны туралы;

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауыпсіздік комитеті:

өңірлер бөлінісінде жақын арадағы бес жылда әскери қызметшілерді шақырудың және азаматтық персоналды қабылдаудың, сондай-ақ оларды босатудың, оның ішінде запасқа шығарудың болжамды саны туралы.

  1. Еңбек ресурстарына сұраныстың орта мерзімді болжамы жыл сайын 15 мамырдан кешіктірмей адамдардың кең тобына арналған платформаның көпшілік модулінде орналастырылуға жатады.
  2. Еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді болжамы үш жылда бір рет қалыптастырылады және 2050 жылға дейінгі кезеңді, ол қалыптасатын жылды қоспағанда, қамтиды.
  3. Еңбек ресурстарына болжамды сұранысты айқындау болжаудың статистикалық әдістерін, экономикалық-математикалық және эконометриялық модельдеуді, автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылады.
  4. Болжамдық сұранысты айқындау үшін бағдарлар ретінде мынадай көрсеткіштер пайдаланады:

жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ);

өнеркәсіп өндірісінің көлемі;

ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі;

бөлшек тауар айналымының көлемі;

халыққа ақылы қызмет көрсету көлемі;

инвестициялардың көлемі мен бағыттары;

еңбек өнімділігін өзгерту;

туу деңгейі;

жұмыссыздық деңгейі;

жұмыспен қамту және экономикалық белсенділік деңгейлері;

көші-қон ағынының өзгеруі.

  1. Болжамдау мақсаттары үшін уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалардың ұзақ мерзімді кезеңде күтілетін дамуы туралы ақпаратты, мынадай мәліметтерді ұсынады:

жетекшілік ететін салаларды дамытудың мемлекеттік саясаты туралы негізгі мәліметтер;

өңірлер бөлінісінде жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен кәсіпорындардың сандарымен және олар шығаратын өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) көлемдерінің жағдайлары;

саланың дамуына және ондағы жұмыспен қамтуға әсер ететін негізгі факторлар.

  1. Уәкілетті мемлекеттік органдар ақпаратты үш жылда бір рет, 15 сәуірге дейін платформаның «Ұзақ мерзімді болжам» модуліне жүктеу арқылы ұсынады.
  2. Еңбек ресурстарына сұраныстың ұзақ мерзімді болжамы адамдардың кең тобына арналған платформаның жария модулінде үш жылда бір рет 15 мамырдан кешіктірілмей орналастырылуға жатады.

 

  1. тарау. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін нәтижелерін пайдалану

 

  1. Еңбек ресурсарының қысқа мерзімді болжамдау нәтижелері жергілікті атқарушы органдармен келесілер үшін пайдаланылады:
  1. жұмыссыз халықты және жұмыс іздеп жүрген адамдарды қысқа мерзімді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
  2. жастар арасында кәсіптік бағдар жүргізу;
  3. еңбек нарығындағы жағдай мен сұранысқа ие мамандықтар туралы халықтың қалың тобын хабардар ету.
  1. Еңбек ресурсарының қысқа мерзімді болжамдау нәтижелері еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамын қалыптастыру кезінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган да пайдаланады.
  2. Еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамының нәтижелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады.
  3. Еңбек ресурстарының орта мерзімді болжамның нәтижелерін мемлекеттік органдар орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде, сондай-ақ бюджет саясатын әзірлеу және іске асыру кезінде бағдар ретінде пайдаланады.
  4. Еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді болжамының нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдар орталық мемлекеттік органдармен стратегиялық жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде, сондай-ақ бюджет саясатын әзірлеу және іске асыру кезінде бағдар ретінде пайдаланады

 

 

Еңбек ресурстарын болжаудың

ұлттық жүйесін қалыптастыру

және оның нәтижелерін

пайдалану ережелеріне

қосымша

 

Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі

р/с

Көрсеткіштер

Жауапты орын

даушы

Ағымдағы жыл

/ бағалау

Болжамды жылдар

Болжамдық параметрлердің негіздемесі (негізгі жобалар мен шаралар)

 

20___

 

(1 болжам
ды жыл)

 

20___

 

(2 болжам
ды жыл)

 

20___

 

(3 болжам
ды жыл)

 

20___

 

(4 болжам
ды жыл)

 

20___

 

(5 болжам
ды жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дамудың жалпылама көрсеткіштері

1

ЖІӨ НКИ (ЖӨӨ), өткен жылға қарағанда %

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Халық саны, мың адам

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

3

Нақты ақшалай кіріс индексі, өткен жылға қарағанда %

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Экономика салаларының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

4

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруа шылығы

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

5

Өнеркәсіп

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

6

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

7

Өңдеу өнеркәсібі

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

8

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

9

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

10

Құрылыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

11

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоци клдерді жөндеу

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

12

Көлік және қоймалау

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

13

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

14

Ақпарат және байланыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

15

Қаржы және сақтандыру қызметі

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

16

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

17

Кәсіби, ғылыми және техника-лық қызмет

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

18

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

19

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеу меттік қамсыз дандыру

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

20

Білім беру

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

 

21

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

22

Өнер, ойын-сауық және демалыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

23

Басқа қызмет терді ұсыну

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, өткен жылға қарағанда %

24

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруа шылығы

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

25

Өнеркәсіп

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

26

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

27

Өңдеу өнеркәсібі

 

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

28

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

29

Сумен жаб дықтау; кәріз жүйесі, қал дықтардың жиналуын және тараты луын бақылау

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

30

Құрылыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

31

Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль

дер мен мото циклдерді жөндеу

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

32

Көлік және қоймалау

 

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

33

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

34

Ақпарат және байланыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

35

Қаржы және сақтандыру қызметі

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

36

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

37

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

38

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

39

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеу меттік қам сыздандыру

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

40

Білім беру

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

41

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

42

Өнер, ойын-сауық және демалыс

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

43

Басқа қызметтерді ұсыну

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

44

Өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

45

Мал шаруашы лығының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

46

Ауыл шаруа шылығы да қылдарының жалпы егіс алаңы, мың гектар

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

47

Дәнді дақыл дардың (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдардың егістік алаңы, мың гектар

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

48

Бидайдың егістік алаңы, мың гектар

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

49

Картоптың егістік алаңы, мың гектар

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

50

Майлы дақыл дардың алаңы, мың гектар

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

51

Қант қызыл шасының егістік алаңы, мың гектар

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

52

Мақтаның егістік алаңы, мың гектар

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

53

Ашық топырақтағы көкөністердің егістік алаңы, мың гектар

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

54

Жыл соңына ірі қара мал саны, мың бас

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

55

Жыл соңына қой мен ешкі саны, мың бас

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

56

Жыл соңына шошқа саны, мың бас

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

57

Жыл соңына жылқылар саны, мың бас

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

58

Жыл соңына түйе саны, мың бас

АШМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

59

Жыл соңына құс саны, мың бас

АШМЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

60

Көмір мен лигнит (көмір концентратынан басқа) өндіру көлемі, мың тонна

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

61

Газ конденса тын қоса ал ғанда, мұнай өндіру көлемі, мың тонна

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

62

Табиғи газ өндіру көлемі, млн текше метр

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

63

Уран өндіру көлемі, тонна

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

64

Темір кенін өндіру көлемі, мың тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

65

Мыс кенін өндіру көлемі, мың тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

66

Алюминий кенін өндіру көлемі, мың тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Өңдеу өнеркәсібі

67

Моторлы отын (бензин, оның ішінде авиациялық бензин) өндірі сінің көлемі, мың тонна

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

68

Газойльдер (дизель отыны) өндірісінің көлемі, мың тонна       

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

69

Отындық мазут өндірісінің көлемі, мың тонна                            

ЭМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

70

Болат өнді рісінің көлемі, мың тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

71

Алюминий өндірісінің көлемі, тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

72

Мыс өндірісі нің көлемі, тонна

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

73

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн. кВт * сағ

ЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

74

Бу мен ыстық су өндірісінің көлемі, мың Гкал

ЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

75

Табиғи су өндіру көлемі, мың текше метр

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Құрылыс

76

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, жалпы алаңы мың шаршы метр

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

77

Бөлшек сауда ның нақты көлем индексі, өткен жыл ға қарағанда %

ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Көлік және қоймалау

78

Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

79

Темір жол көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

80

Автомобиль және қалалық электр көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

81

Ішкі су көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

82

Су құьыры көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

83

Теңіз көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

84

Әуе көлігінің жүк айналы мы, млн. ткм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

85

Көліктің барлық түрлерінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

86

Темір жол көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

87

Автобус көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

88

Таксидің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

89

Троллейбус көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

90

Трамвай көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

91

Ішкі су көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО 

 

 

 

 

 

 

 

92

Әуе көлігінің жолаушылар айналымы, млн. пкм

ИДМ ЖАО  

 

 

 

 

 

 

 

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

93

Қазақстанға келген келушілер саны, мың адам

МСМ

 

 

 

 

 

 

 

94

Қазақстаннан кеткен келушілер саны, мың адам

МСМ

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат және байланыс

95

Интернетті (трафик) өткізудің пайдаланылатын халықаралық жолағы, Мбит / с

АЖК

 

 

 

 

 

 

 

96

Интернет желісіне тіркелген (сымды) кең жолақты қатынау трафигі, Гбайт

АЖК

 

 

 

 

 

 

 

97

Мобильді интернет трафигі, Гбайт

АЖК

 

 

 

 

 

 

 

Қаржы және сақтандыру қызметі

98

Екінші деңгей дегі банктер дің несие қоржынының көлемі, млрд. теңге

ҰБ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

99

Тұрғын үй қоры, млн. ш. м.

ИДМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

100

Республикалық бюджеттен ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар, млрд. теңге

БҒМ

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

101

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге республикалық (жергілікті) бюджеттің шығындары, млн теңге

ҚМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

102

Қорғанысқа арналған республикалық (жергілікті) бюджеттің шығындары, млн теңге

ҚМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

103

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне республикалық (жергілікті) бюджеттің шығындары, млн теңге

ҚМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

104

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға республикалық (жергілікті) бюджеттің шығындары, млн теңге

ҚМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

Білім

105

Білім беруге республикалық (жергілікті) бюджеттің шығындары, млн теңге

ҚМ, ЖАО

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

АЖК – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

ЖАО – Қазақстан Республикасының Жергілікті атқарушы органдары;

ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

ҚМ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн;

ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;

НКИ – Нақты көлем индексі.

Бөлімдер:
10 қаңтар, 2019 - 11:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші