A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа ҰБЖ – қаржы басқару жөніндегі маман бос орын позициясына конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" Жобасын басқару бойынша

топқа ҰБЖ – қаржы басқару жөніндегі маман бос орын позициясына орналастыру үшін конкурс жариялайды (Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1.         Бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2.         Жеке (мемлекеттік) секторларда немесе жобаларда қаржылық басқару бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3.       Қоғамдық секторда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын білу;

4.         "1-С Бухгалтерия" бағдарламасында жұмыс тәжірибесі және білімі»;

5.         Үкімет пен Дүниежүзілік банк қаражатын қаржылық менеджменттің (игерудің) рәсімдерін білу, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификаттың болуы басымдылық болып табылады;

6.         Қаржылық басқару бойынша құрылымдалған есептерді қалыптастыра білу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдысының болуы;

7.         Ауызша және жазбаша ағылшын тілін еркін меңгергені жөн.

Жеке консультанттарда іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша  Консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөнінідегі 2011 жылығы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында(2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сайкес өткізіледі.

Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндері орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2019 жылғы 28 қаңтар мерзіміне дейін kzsj_zakup@enbek.kz электрондық мекен жай бойынша, Хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны көрсетумен ұсынуды сұраймыз.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 64-27-46

 

 

14 қаңтар, 2019 - 16:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші