A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бюджеттік кредит бойынша берешектің бір бөлігін өтеу есебіне ұсынылатын «Цеснабанк» акционерлік қоғамының облигацияларын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау туралы

Бюджеттік кредит бойынша берешектің бір бөлігін өтеу есебіне ұсынылатын «Цеснабанк» акционерлік қоғамының облигацияларын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2013 жылғы 15 наурыздағы № 9МИО385 кредиттік шарт  бойынша (бұдан әрі – кредиттік шарт) берешекті өтеу есебіне 2 132 747 дана, номиналдық құны 1 008,09 (бір мың сегіз) теңге тоғыз тиын 2 150 000 923 (екі миллиард бір жүз елу миллион тоғыз жүз жиырма үш) теңге сомасындағы «Цеснабанк» акционерлік қоғамының облигациялары Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын.

2. Қабылданған облигациялар сомасына кредиттік шарт бойынша талаптар мөлшерін азайту жүргізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.  

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pp_rk_kaz.doc26 KB
Бөлімдер:
18 қаңтар, 2019 - 12:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші