A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылы шағын несие бағдарламасына бөлінген қаржы 20 млрд. теңгеге артты

Үкімет отырысы

Бұл жайында бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру барысына арналған Үкімет отырысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастамасына сәйкес,  кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың табыс көзін арттыру үшін шағын несие беріліп жатыр.

Өткен жылы шағын несие бағдарламасына бөлінген қаржы көзі 20 млрд теңгеге артты  ( қалаларда – 6 млрд. теңге, ауылдарда– 14 млрд. теңге). Қосымша бөлінген қаражатты есепке ала отырып, жалпы шағын несиеге бөлінген қаржы көзі 62 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында микрокредит берумен қамту жоспары  2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артық орындалып,  14 мың адамды құрады.

Микрокредит шағын бизнес ашуға, қолданыстағы кәсібін кеңейтуге және нарықта едәуір орын алып отырған бизнесті дамытуға беріледі.  Шағын несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру салаларындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несие бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызды құрайды. 

 2018 жылы бағдарламаға өзгеріс енгізіліп, ауылдар мен қалаларда берілетін миркоредиттердің лимиттерін саралау қарастырылды. Осылайша ауылды мекендерде  едәуір орын алып отырған кәсіпкерлікті дамытуға берілетін шағын несие көлемі  – 5 тен 8 мың АЕК-ке артты.  Сондай-ақ, микрокредит беру процедурасы жеңілдетілді.  

 2018 жылы шағын несие бағдарламасы аясында 59,5 млрд. теңге игерілді немесе жылдық жоспардың  96% орындалды. 14 053 микрокредит берілді, оның  12 760 ауылдықтар алды немесе жылдық жоспардың 116%. Ауылдарда  шағын несиенің орташа көлемі  3,5 млн. теңге, қалаларда – 11 млн. теңгені құрады.

Шағын несиелер бойынша  Start-up жобаларды қолдауға 9 772 –і несие (70%), едәуір орын алып отырған кәсіпкерліктің жаңа бағыттарын дамытуға  1 024 микрокредит (7%), өз кәсібін кеңейтуге  3 257 микрокредит (23%) берілді.

Экономика салалары тұрғысында берілген шағын несиелер; мал шаруашылығын дамытуға – 76% (10 699), өсімдік шаруашылығына – 2,7% (376), құс шаруашылығына – 2,2% (307), көлік және қаттауға  – 6% (843), тамақтану және тұрғылықты жермен қамту қызметіне  – 4% (562), қайта өңдеу өнеркәсібі – 2% (282), көтерме және жеке сауда бойынша – 1% (141), өзге де қызмет түрлерін ұсынуға  – 5,6% (787), құрылысқа – 0,4% (56).

Микрокредит алғандардың арқасында қосымша 12 613 жұмыс орны құрылды.

2019 жылы микрокредит бағдарламасына бөлінген қаржы  62 млрд теңгені құрап отыр, оның  54 млрд теңгесі республикалық бюджет есебінен, трансферттердің жалпы көлемі - 8 млрд теңге. 

Ағымдағы жылы  бөлініп отырған қаражат есебінен 14 мың адамға микрокредит беру  көзделген. Оның 12 мыңы ауыл халқы болса, қалалықтардың үлесі-2 мың адамды құрайды. 

22 қаңтар, 2019 - 13:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші