check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларында:

2-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген санаттағы жұмыспен қамтылғандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Ассистент ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде консультантқа «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 347 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17319 болып тіркелген) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есепті ұсынады.

Консультант ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17319 болып тіркелген) 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есепті ұсынады.»;

6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

15 және 16-қосымшалар алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                           М. Әбілқасымова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмекті тағайындау және төлеу

қағидаларына

1-қосымша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмекті тағайындау және төлеу

қағидаларына

6-қосымша

Нысан

Учаскелік комиссияның 20__ жылғы «__» _______

№ ____ қорытындысы

Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің) _______________________________________

__________________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде отбасына (адамға) шартты/шартсыз ақшалай көмек түрінде (біржолғы/ай сайын) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету

(қажетінің асты сызылсын)

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

туралы (қажеттілігі, қажет еместігі) қорытынды шығарды.

Комиссия төрағасы:

__________________         _____________________________________

Комиссия мүшелері:

__________________         _____________________________________

__________________         _____________________________________

__________________         _____________________________________

 (қолдары)                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____ данада қоса берілген

құжаттармен қорытынды

20__ жылғы «__» ________ қабылданды.

___________________________________________________________________

халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

лауазымы, қолы _____________________________________________

немесе өтініш беруші ауылдық елді мекенде тұрған жағдайда, құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолы.

Учаскелік комиссияның

20__ жылғы «__» _______
№ ____ қорытындысына
қосымша

Нысан

Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру актісі

20__ жылғы «__» ________ ___________________________________

                                                             (елді мекен)

1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________________

2. Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________________________

3. Жұмыс орны, лауазымы ___________________________________________________________________

4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) __________ адам, оның ішінде:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш беруші-ге туыс-тық қатына-сы

Білімі

Жұмысы, (жұмыс, оқу орны, тәуелсіз жұмыс, жұмыссыз)

Жұмыс-сыздық-тың себебі

Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарын-да тіркелуі туралы дерек тер

Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік дайындыққа (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Еңбекке қабілетті адамдардың барлығы _________.

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар _______.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыссыз _______ адам.

Жұмыссыздықтың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам.

Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде:

мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен оқитындар _____ адам;

жоғары және арнайы орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар – ____ адам,

оқушыға оқудың бір жылдық құны ________ теңге.

 5. Тұру жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе басқасы) (қажетінің асты сызылсын)

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Ас үйді, қойманы және дәлізді қоспағанда бөлмелер саны _________

Тұрғын үйді бір айда ұстап тұру шығындары ____________________

___________________________________________________________________

6. Отбасының табысы:

Табысы бар отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде өтініш берушінің)

Табыс түрі

Жүгінген тоқсан алдындағы тоқсандағы сомасы

Жеке қосалқы шаруашылық (аула алдындағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

7. Бар-жоғы:

автокөліктің (маркасы, шыққан жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланудан түскен табыс)

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

өзге тұрғын үй, қазіргі кезде тұрып жатқанды қоспағанда (оны пайдаланудан түскен табыс)

___________________________________________________________________

_________________________________________________________________

8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

9. Мұқтаждық көрінісінің белгілері

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

10. Ауқаттылық көрісінің белгілері

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

11. Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

12. Учаскелік комиссияның басқа байқаулары:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Комиссия төрағасы:

____________________ ________________________________________

 (қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жасалған актімен таныстым:

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

___________________________________________________________________

Тексеруден бас тартамын

___________________________________________________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы (немесе отбасының басқа мүшелері).

Бөлімдер:
25 қаңтар, 2019 - 18:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші