A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Мүгедектігі бар адамдар да болашақ мамандыққа оқыта алады

кездесу

19 жасар Әмір Сүлейменов – ISIT ақпараттық технологиялар халықаралық мектебінің негізін қалаушы. Жоба авторы жол-көлік апатынан соң, төсекке таңылып жатпай, өз ісін ашып, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға көмектесуге бел буды.  Ол бағдарламалау мамандығын таңдады. Себебі бұл жұмыс әлемнің кез-келген жерінде отырып қашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 «Мен мүгедектігі бар адамдардың күйзеліске түсетініне  куә болдым. Өзім де осы кезеңнен өттім. Себебі, кезінде жоғары білім алып, жұмыс тәжірибесі болған адам, кейін тағдырдың тәлкегіне түсіп, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Емделу, ота жасату, қайта аяқтан тұру көп уақытты алады», - деді ол, қаңтардың 26 күні ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен өткен кездесуде. 

2018 жылы  XXI ғасырдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті. Басты мақсат мүгедектігі бар адамдарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту болды. Оқыту 15 сабақтан тұратын  SMM  арқылы жүргізілді. Осы орайда білім алған мектеп түлектері ендігі өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр.  

«Ағымдағы жылдағы басты міндет - мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту. Науқасына, біліміне қарай мақсатты санаттағы қолдаулар шарасын тіркеу қажет. Біреулер интеллектуалды мамандықта, енді біреуі   hand made өнімдері яғни қолдан өнім жасаумен айналыса алады »-деп, атап өтті министр.

Ақпараттық технологиялар мектебінде SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу  мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бұл мамандықтарға әлемнің кез-келген жерінде қашықтықта отырып-ақ оқуға болады. Статистика бойынша, SMM- маркетингі мамандығы Америкада 10 жылдан бері, Еуропада 7 жылдан бері бар. АҚШ-та мұндай мамандар орташа алғанда 3 мың доллар көлемінде, Еуропада 1500 еуро, Ресейде 150 мың рубль айлық алады.  

«Біз интернет-дүкендер құра аламыз, әлеуметтік желілерде клиент табу, google-ң бірінші парақшаларында болуға оқытамыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске көмектесе аламыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға клиент табуға, цифрландыруға көмектесеміз. Бізде бизнес ашуға қолдау жасайтын «Бастау» бағдарламасы бар, мүгедектігі бар адамдар бизнес ашқысы келмейді, олар біреуге көмектескісі келеді. Себебі, олар өзіне әлі сенімді емес »-деді, Әмір Сүлейменов.

2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен  БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі  арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі  жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісім шартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту  жоспары бар. Статистика бойынша, оқытылған 10 адамның 8-і өз бетінше ақша табуды бастады немесе жұмысқа тұрды.

Жобаға қатысушылардың оқу оқуы және одан әрі жұмысқа тұруы үшін бар болғаны смартфондары болуы керек.

«Бізде Жамбыл облысының ауылынан бір әйел оқып жатыр. Оның ауылында бар-жоғы үш үй ғана қалған. Ол нысаналы жарнаманы оқыды. Қазір сондай бақытты, фейсбукті, инстаграммды өзіне бағындырып алды, қазір Мәскеуде бірге оқығандарды іздеп жатыр. Тоқымамен айналысатын зейнеткер бәскелестерге қалай зерттеу жүргізуді, инстаграмм немесе фейсбуктегі жазбаларында жарнама бергенде негізгі сөзді таңдауды, клиент базасын құруды және өз өнімін сатуды үйреніп алды.  Қазір ол өзіне көмекші жалдап алған. Тағы бір зейнеткер кәмпиттерден гүл шоқтарын жасайды», -деп жалғастырды сөзін Әмір Сүлейменов.  

Кездесу соңында министр ISIT интернет технологиялар мектебінің негізін қалаушы Әмір Сүлейменовке атқарған жұмысына  ризашылығын білдіріп, бұл жобаның еліміздің барлық аймағында жүзеге асуы маңызды екенін айтты. 

ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі  – ТМД елдері ішінде ашылып отырған алғашқы әлеуметтік мектеп болып табылады. Ол халықтың осал топтарын қамтитын мектеп. Бүгінгі күні мектепте Қазақстанның әр аймағынан 50 адам оқып жатыр. Оның ішінде ауылдар мен шағын қалалардың да тұрғындары бар. 

28 қаңтар, 2019 - 12:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші