check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының Жол картасын жүзеге асыруын жалғастыратын болады

ХЕҰ

Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарды қолдану комитеті және конвенцияны қолдану мен ұсыну сарапшыларының  комитетінің Жол картасын жүзеге асыруын жалғастыратын болады. Бұл орайда қауымдастық еркіндігі және ұйымдар құқығын қорғау  туралы №87 Конвенциясын қолдану айтылған.

Бұл жайында бүгін  Халықаралық Еңбек ұйымының жұмыс берушілерінің өкілдерінің қатысуымен  өткен дөңгелек үстел барысында  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова  хабарлады.  Сондай-ақ, аталмыш шараға  мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Өз кезегінде министр Қазақстанның Халықаралық Еңбек ұйымына мүшелікке кіргенінен бастап кеңес беріп келген және халықаралық еңбек нормаларының орындалуын ратификациялауға қолғабыс еткені үшін жұмыс берушілер ісі бойынша Бюроға ризашылығын білдірді.

Ол халықаралық еңбек нормаларын енгізудегі екі жақты ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы», Заңның 32 бабының 11 тармақшасына сәйкес, бес жылдық өтпелі кезеңнің аяқталуына байланысты, ҚР Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы органдарынан және қатысушылар құрамынан шықты. 

 «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесуде ХЕҰ –ң ескертпелерін жүзеге асыру барысында ҰКП-н жұмыс берушілердің өкілетті өкілі болудан шығару туралы шешім шығарылды және ҚР Еңбек Кодексінен ҰКП –на республикалық, салалық және аймақтық деңгейде әлеуметтік-еңбек қатынасын реттеу саласында  жұмыс берушілердің  өкілі болу өкілеттілігінен шығару шешімі мақұлданды.

Аталған ұсыныс «2014 жылдың 27 маусымындағы  № 211-V ҚРЗ «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына енгізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстан  № 87 Конвенцияның халықаралық міндеттерін және Жол картасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын жалғастыратын болады.

29 қаңтар, 2019 - 11:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші