A A A
Мазмұнына өту

You are here

Вице-министр Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті

ҚР үкіметінің отырысы

Мемелекет басшысының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік өтемақылардың көлемін көтеру туралы тапсырмасын орындау барысында, министрлікпен әлеуметтік тәуекелдің үш түрі бойынша  әлеуметтік төлемдердің параметрлерін қайта қарастырылуда.  Бұл еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайдағы әлеуметтік өтемақы, асыраушысынан айырылған және жұмыссыз қалған жағдайда берілетін өтемақылар.

Бұл жайында бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

Өтемақы көлемі әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан уақытына қарай тағайындалады. Бұл әлеуметтік тәуекелге түскен жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Заң жобасы ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Парламентіне ұсынылатын болады.

2019 жылдың мамырында үкіметке ҚР мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар енгізілетін болады.

Онда жеті бастапқы бағыт белгіленген: мүгедектік патологиясын төмендету үшін денсаулық профилактикасын жүргізу, қолжетімді ортаны құру, жұмыспен қамту, әлеуметтік оңалту мен бейімсіздікті дамыту, мүгедектік проблемасын қабылдауды өзгерту, әлеуметтік жұмысшылардың кадрлық әлеуетін дамыту туралы Ұлттық жоспардың жобасы енгізілетін болады. 

Жұмысшылардың еңбек құқығын сақтау және жалақыға қатысты қарыздарын өтеу мәселелері бойынша аймақтарда прокуратура, мемлекеттік кіріс және әділет органдарының қатысуымен арнайы штаб жұмыс істейді.  Олардың көмегімен, 2018 жылы еңбекақы бойынша 32 мың жұмысшының алдындағы 3,7 млрд теңгені құрайтын  қарыз өтелді.

2018 жылы  мемлекеттік еңбек инспекторларымен барлығы  8 774 тексеру жүргізілді, тексеру барысында 11 976 бұзушылық тіркелді. Жұмыс берушілерге 5 139 ескертпе беріліп, 402,5 млн теңге көлемінде 2 492 айыппұл салынды.  Бұзушылықтардың 20% жалақы төлеу мерзіміне қатысты, 20% – еңбек жағдайының қаупісіздігі сақталмаған, 14% –жұмысқа заңсыз тарту және заңсыз жұмыстан шығару бойынша тіркеліп отыр.

Шетелдік компанияларда 530 бұзушылық анықталып, 38,9 млн теңгеге 124 айыппұл салынды.

Еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары  құқық қорғау органдарына 1 400 материал жолдап, 98 қылмыстық іс қозғалды. 

2018 жылы Профилактикалық шаралардың арқасында өндірістік жарақаттану 6,6% төмендеді. (2018 жылы 1 568 адам зардап шекті,  2017 жылы – 1 678 адам). 

2019 жылы еңбек қауіпсіздігі және қорғау жылы аясында ақпараттық кампания өткізу жоспары бар. Тиісті шараның Жоспары Министрлікпен Кәсіподақтар Федерациясы және «Атамекен»»ҰКП , әкімдіктермен бірлесіп  шешілді. 

Сондай-ақ, өндірістік жарақатты төмендету және зиянды жағдайдағы жұмысты азайту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы әзірленіп жатыр. Онда жүйелік шаралар жүзеге асатын болады. Кәсіби тәуекелді басқару негізінде еңбекті қорғау ұлттық жүйесі енгізіледі; еңбекті қорғау талаптарын сақтауда мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылау механизмдерін жүзеге асыру. 

2019 жылдан бастап жаңа құқықтық режим- Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жұмысын бастады. Осы төлем арқылы формалды емес жұмыспен қамтылған азаматтар жеңілдетілген түрде өз кәсіби ісін тіркеп, әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізіп отыр.   

2019 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 4 мың азамат Бірыңғай жиынтық төлемін жасады.

Азаматтардың мәртебесін формализациялау және өзектендіру жұмысының арқасында оларды зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыруға мүмкіндік туды.   2019 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік мәліметтер базасында мәртебесі болмаған 2,7 млн адамның 1,8 млн-ң мәртебесі өзектендірілді. Жыл соңына дейін 915,6 мың адамның мәртебесін өзектендіру жұмысын аяқтау жоспары тұр. 

Бүгінгі күні әкімдіктердің алдында БЖТ артықшылығы туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті тұр.  Әдістемелік жәрдемақы әзірленді. Қазірде өзектендіру жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтары, e-gov порталы, Қазақтелеком және 1414  Байланыс-орталығы  арқылы автоматты түрде жүргізіліп жатыр.

 

5 ақпан, 2019 - 18:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші