check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ KZSJ-1.1/CS-33/1-CQS

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар (1)» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу

: KZSJ-1.1/CS-33/1-CQS келісімшарты 

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») 2 (екі) салалық біліктілік шеңберлерін «БАҚ, телерадио хабарларын тарату және медиа" және «Инновациялық қызмет» бойынша және 25 (жиырма бес) кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және оларды келісуді, мақұлдауды/бекітуді қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

Әзірленген және келісілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар (1)» бағыты бойынша 2 (екі) салалық біліктілік шеңберлер «БАҚ, телерадио хабарларын тарату және медиа" және«Инновациялық қызмет» бойынша және 25 (жиырма бес) кәсіптік стандарттар.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 16 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

Еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтердің немесе еңбекке ақы төлеу, кәсіптер жіктеуіші, біліктілік, лауазымдық нұсқамалар анықтамалары саласындағы әдіснамалық, нормативтік және құқықтық құжаттардың тиісті экономикалық түрлерін әзірлеу және (немесе) еңбек нарығын, жұмыспен қамтуды және еңбекті қорғау мен оның шарттары мәселелесін зерттеу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі барконсультант.

Консультанттың ұлттық біліктілік жүйесі және (немесе) оның элементтерін (біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар және (немесе) біліктілік стандарттар мен бағдарламалар, біліктілікті тағайындау біліктілік/сертификаттық орталықтарының аттестаттау стандарттары мен рәсімдері) әзірлеу саласындатәжірибесі болуға тиіс

Консультанттың техникалық тапсырма бойынша шешімдерді ҚР қолданыстағы заңнамасымен үйлестіру мақсатында техникалық тапсырманы орындау үшін жеткілікті және қажетті сарапшылардың пулы, әзірлеушілері, консультанттары болуға тиіс.

Мүдделілік білдіруге сауал ілеспе хатпен орындаушының кері мекенжайымен, байланыс мәліметтерімен рәсімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультант заңдық мәртебесінің құжатталған растамасын ұсынуға тиіс (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Ілеспе хатта міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсету керек: мекенжай, телефон, электрондық мекенжай және осы конкурс бойынша байланыс тұлға/орындаушы.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн«Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз.

Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын ұйым түрінде басқа компаниялармен немесе суб-консультантпен бірлесуі мүмкін.

Бірлескен кәсіпорын немесе суб-консультант түрінде бірлескен жағдайда ілеспе хатта бірлесу түрін нақты көрсету қажет.

Анықтама үшін:

“Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіреді.

Консультант нұсқаулықта көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу тәсілімен (КБІ) іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделік білдіруге сауал жазбаша және электрондық түрде 2019 жылғы 22 ақпанан кешіктірмей төмендегі мекенжайға ұсынылуға тиіс (жеке, пошта немесе электрондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топ (ЖБТ)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

E-mail: kzsj_zakup@enbek.kz көшірмесі kzsj_1.1@mail.ru

 

 

 

 

 

 

8 ақпан, 2019 - 15:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші