A A A
Мазмұнына өту

You are here

Өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға 1,7 млн теңгеге көмек жасалды

әлеуметтік қолдау

Қазақстан Республикасының 2030 жылға арналған әлеуметтік даму тұжырымдамасында, 2025 жылы Қазақстанда әлеуметтік сәтсіздіктің алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік көмектің біріктірілген моделін енгізу қарастырылған.   БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлескен жоба аясында  Шығыс-Қазақстан облысында бірінші кезеңде әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмек жасаудың біріктірілген моделі  апробацияланды. 

ШҚО  әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмек жасаудың біріктірілген моделінің сапасына мониторинг жүргізу және енгізу бойынша облыстық мекемеаралық комиссия құрылды.  Комиссия құрамындағы команданың мамандары Өскемен қаласы  мен Глубоковск ауданындағы отбасылармен тікелей жұмыс істеді.   БҰҰ Даму Бағдарламасы есебінен 103 білім, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау, ШҚО құқық қорғау органдарының мамандарын оқыту қамтылды.  Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмек беру біріктірілген моделін енгізу аясында, тағдыр тәлкегіне түскен жеке санаттағы тұлғалармен жұмыс істеу үшін мекемеаралық өзара іс-қимылды жүргізу ұйымдастыру мақсатында әдістемелік жетекші жұмысы жасалды.

Өскемен қаласы мен Глубоковск ауданында жүргізілген жұмыс барысында  көмекке мұқтаж 54 отбасының бағалау парақшасы жасалды.   Бағалау нәтижесі бойынша, мекемеаралық жұмыс топтарымен 30 отбасы есепке алынып, оларға 68 қызмет көрсетілді. Соның ішінде: 

-денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуде 5 жағдай тіркелді ( медициналық мекемелерінде, оңалту орталығында емдеу, ота жасау, хосписке, уақытша жеңілдік беретін бөлімшеге орналастыру);

- білім беру қызметтерінде – 8 жағдай ( білім берудің арнайы бағдарламасын әзірлеу, балабақшаға орналастыру, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созу);

- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметі түрі- 24 жағдай (жәрдемақы тағайындау, бірреттік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, жұмыссыз ретінде тіркеу, өз кәсібін ашу);

- ішкі істер органдарының қызмет көрсетуі- 5 жағдай ( жеке куәлігін қайта қалпына келтіру, мекен-жайда тіркелуді  рәсімдеу, Қазақстан Республикасы азаматтығын алу);

- тұрғын үй саласында қызмет көрсету – 5 оқиға  ( тұрғын үй-тұрмыс жағдайын жақсарту, баспана алуға кезекке тұрғызу, баспана беру);
- қайырымдылық көмек – 20 оқиға;

- марапаттауға қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша- 1 оқиға ( «Күміс алқа» беру). 
жергілікті бюджет қаражатынан және тартылған қаржы есебінен 1,7 млн теңгеге көмек жасалды. 

Көрсетліген көмектің арқасында отбасылар өмірдің қиын кезеңінен шығып, жағдайын жақсартты. 
2018 жылы 5 аймақта пилотты түрде жүргізу басталды (Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана мен Алматы қалалары).

 2019 жылы пилотты жобаға тағы 5 аймақ кіреді (БҚО, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды және Алматы облыстары)  Бұл өңірлердің әкімдіктерімен қазір меморандумдарға және жол картасына қол қою жұмыстары жүріп жатыр. 

Пилотты жобаның нәтижесі бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі және тағы басқа салалардағы  әлеуметтік жұмысшылардың қызметін үйлестіру маханизмдері жасалтын болады. Бұл «бір терезеден» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

12 ақпан, 2019 - 18:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші