A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттік қолдау шаралары Ақтөбе қаласының тұрғынына өз ісін ашуға мүмкіндік берді

Жұмыспен қамту бағдарламасы

Эльмира Бауыржанқызы  қашанда сұранысқа ие маман ретінде бағаланды.  Үш бірдей білімі бар (әмбебап-тігінші, сәнгер-киім конструкторы және маркетолог), Алматы қаласында жұмыс істеген. Отбасы жағдайына байланысты ол Ақтөбе облысына көшуге мәжбүр болған.  Мұнда ол ресми түрде жұмыссыз болды. Бұл орайда оған 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  Бағдарламасы үлкен қолдау болды. Жеңілдетілген несие алып, соның арқасында Эльмира Бауыржанқызы өзінің тігін шеберханасын ашты.

 «Жасым 31-де, тігін ісінде 10 жылдан артық жұмыс істеп жүрмін. Мен оқып жүріп, ательеде жұмыс істедім, киімді шақтаудан бастадым. Тігінші, конструктор болып жұмыс істедім, кейін өзім сабақ бердім, өндірістік оқыту шебері болдым. 2020 бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарда сабақ бердім. Біз тігіншілікке үйреттік»-дейді ол.

Эльмира ең аз сомада 5000 мың теңге көлеміндегі несиені 5 жылға алды, 6,1 пайыз жылына.  Несиені  Ақтөбе қаласының «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры»АҚ –нан алды.   

Өз қаражатын да қосып, 3 тігін машинасын сатып алды; бір машина тек тіке тігістерді тігеді, екіншісі торландырады, үшіншісі кестелейді. Мысалы, майлықтар, атауы жазылған орамалдар немесе қандай да бір эксклюзивті зат тігу үшін кестелейтін машина қажет. 

Эльмира Бауыржанқызы  бұл тек басы ғана деп отыр. Әзірге ательеде жалғыз өзі ғана істейді.  Бірақ болашақта тігін шеберханасын кеңейтіп, қосымша жұмыскерлер алуды көздеп отыр.  Ол бәрін тігеді  кез-келген затты қайта өңдеп тігу,  автокөліктерге арналған тыстар, тоқыма, балаларға және ерлер мен әйелдерге арналған киімдер, перделер, қыз жасауын да тігеді. Мемлекеттік көлемді тапсырыстар  түскенде, ол басқа да ательелермен бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырыстар мемлкекеттік ұйымдардан да, жеке тұлғалардан да түседі.

Несиені рәсімдеуіне бір ай уақыт кетті.

- «Маған бәрі ұнады, мен бірден құжаттарымды тапсырдым, онда өзге банктерде сияқты сыйақы жоқ. 6 пайыз деді, шыныменде 6 пайыз . Артық ештеңе ұстамайды. Қарапайым халық үшін жасалған жағдайлары қолжетімді. Мен жұмыссыз болдым. Алматыда декреттік демалысқа кеттім, ал Ақтөбеде менің декреттік демалысым аяқталды. Кейін маған жұмыс табу қиын болды». 

2018 жылы бағдарлама бойынша барлығы 14 053 шағын несие берілді, оның ішінде ауылдарда – 12 760 немесе жылдық жоспардың 116%. Ауылдарда шағын несиелердің орташа мөлшері 3,5 млн.теңгені, ал қалаларда – 11 млн. теңгені құрады.

13 ақпан, 2019 - 10:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші