A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ана мен бала әлеуметтік төлемақылары

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ана мен бала әлеуметтік төлемақылары

Жұмыс істейтін әйел Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік және бала туу бойынша берілетін әлеуметтік төлемақыны тағайындауға жүгіне алады. Төлемақы көлемі әйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдер жасалатын орташа айлық табысына қатысты болады.  Өткен жылдың қортындысы бойынша бұл төлемақының көлемі 391 170 теңгені құрады.

Бала туғаннан кейін ол жәрдемақыны тағайындауға өтініші білдіре алады:

-бала туғанда берілетін бірретік мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен бөлінеді, оның көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан көп балаға  –159 075 теңге.

2018 жылы осындай жәрдемақы 395 мың адам алды. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38% өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге     42 млрд. теңге қарастырылды;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша берілетін төлемақы  40% көлемінде соңғы екі жылдағы орташа табысына қарай тағайындалады.  Бұл төлемнің орташа көлемі 2018 жылы айына 32 361теңгені құрады.

2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 400 мың ата-ана 165 млдр теңге көлемінде ана мен бала әлеуметтік төлемақысын алды. Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге 1 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезінде  мемлекетпен міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады. Ағымдағы жылы субсидияландыруға 5,8 млрд. теңге бөлінді.

18 ақпан, 2019 - 14:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші