A A A
Мазмұнына өту

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы кәсіптік оқытуды өткізу үшін біліктіліктер мен дағдылар тізбесін бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы қысқа

мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін өңірлер бөлінісінде

біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін бекіту туралы

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін өңірлер бөлінісінде біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаменті:

1) осы бірлескен бұйрықты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның орындауын;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

А.И. Мырзахметов __________

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

М.Е. Әбілқасымова __________

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon perechen.pdf1.07 MB
Бөлімдер:
14 наурыз, 2019 - 13:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші