A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11503 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:

1) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына (егер жүгінген сәтте адамға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылу жағдайына, жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы болған кезде), жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) арқылы;

жұмыссыз мәртебесін алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы;

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің маманы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды (мәліметтерді) электрондық іс макетіне қосуға негіз болған кезде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге қайтарады. Егер отыз жұмыс күні ішінде құжаттар ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11224 тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады;

негіздер болған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын тексереді. Осы мақсаттарда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы мемлекеттік қызметті алушыны хабардар ете отырып, сұрау салулар жібереді.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді:

өтініш беруші өзі жүгінген кезде Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес құжаттарға тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама беру арқылы;

өтініш берушінің ұялы телефон нөміріне хабарлама Short Message Service (Шорт мэсседж сервис) (бұдан әрі – sms-хабарлама) жіберу арқылы;

құжаттардың тексерілуі туралы sms-хабарлама Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлама журналында тіркеледі;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;

әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды (мәліметтерді) электрондық іс макетіне қосуға негіз болған кезде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарады;

негіздер болған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын тексереді. Осы мақсаттарда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы мемлекеттік қызметті алушыны хабардар ете отырып, сұрау салулар жібереді.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді:

өтініш беруші өзі жүгінген кезде Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес құжаттарға тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама беру арқылы;

өтініш берушінің ұялы телефон нөміріне хабарлама Short Message Service (Шорт мэсседж сервис) (бұдан әрі – sms-хабарлама) жіберу арқылы;

Құжаттардың тексерілуі туралы sms-хабарлама Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлама журналында тіркеледі;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;

тағайындауға негіз болмаған кезде ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады;

қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді.

ЭЦҚ куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.»;

3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен, көрсетілетін қызметті берушімен, ЖАО-мен және МӘС бөлімшесімен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, МӘС бөлімшесіне, ЖАО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:

1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне тиісті әлеуметтік төлемді тағайындау немесе төлеу фактілерінің болуына сұрау салуды қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) әлеуметтік аударымдар сомаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

4) тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ):

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

«Еңбек нарығы» ААЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы бойынша;

«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» АЖ-ға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама бойынша;

«Е Қорғаншылық» АЖ-ға балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы анықтама бойынша;

«Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына 16-қосымшадағы нысанға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме бойынша;

«АХАЖ» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі, асыраушының қайтыс болғаны (соттың хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялануы), баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерінің жазбасынан мәліметтері бар анықтама немесе қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтері бар анықтама;

«ЖжФЖӘТ» АЖ-да жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы жазба;

5) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

6) құжаттардың сканерлеу сапасын және электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;

7) өтінішті тіркейді;

8) МӘС бөлімшесінде, ЖАО-да көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, Мемлекеттік корпорацияда – тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған немесе әлеуметтік төлем тағайындауға құқығы болмаған жағдайда МӘС бөлімшесі, ЖАО, Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Өтінішті МӘС бөлімшесі, ЖАО қабылдаған кезде әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-мен расталған көрсетілетін қызметті алушы түпнұсқасын ұсынған құжаттардың электрондық көшірмесін қоса алғанда өтініш пен құжаттардың топтамасынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректерден тұратын электрондық өтінімді Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық іс макетін қалыптастыратын маманы құжаттардың толық топтамасымен, оның ішінде МӘС бөлімшесінен немесе ЖАО-дан келіп түскен өтінішті қабылданғанан кейін екі жұмыс күні ішінде:

1) көрсетілетін қызметті алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін және әлеуметтік төлем мөлшерінің есептеуін қалыптастырады;

3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Электрондық іс макетіне қосымша құжаттар (мәліметтер) қосу қажеттілігі себебімен көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:

1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) (мәліметтерді) ұсынған кезде екі жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) (мәліметтер) топтамасының толықтығын тексереді;

электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете рәсімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы бір жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1, 2, 3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1, 2, 3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1, 2, 3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1, 2, 3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұрықпен бекітілген «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 571 қаулысы) бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімді ЭЦҚ арқылы куәландырады;

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 571 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімді ЭЦҚ арқылы куәландырады;

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы ЭЦҚ арқылы шешім қабылдайды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 571 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімді ЭЦҚ арқылы куәландырады;

қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді

ЭЦҚ-мен куәландырған кезде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.

Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады.

Бұл ретте құжаттарды қабылдайтын Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы:

1) тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне сұрау салуды қалыптастырады. Тағайындау немесе төлеу фактісі болған кезде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді;

2) тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ):

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» АЖ-ға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамалар бойынша;

«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық белгілеу туралы құжаттар бойынша сұрау салуды қалыптастырады;

3) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

6) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық іс макетін қалыптастыратын маманы:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;

2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.»;

1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламентінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – Регламент) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрықпен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі және Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру, ұзарту және оны қайта ресімдеу рәсімін айқындайды.»;

қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 16 және 17-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрықпен бекітілген регламенттерді халыққа қызмет көрсету орындарында пайдалануға ыңғайлы форматта орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                          М. Әбілқасымова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_mtszn_rk_kaz.doc1.19 MB
22 ақпан, 2019 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші