A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықты жұмыспен қамту орталықтары: қайта жүктеу

Қазақстанда Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне ауқымды баға беру жұмыстары жүргізіліп, оларды жаңғырту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралардың кешенді жоспары жасақталды.

 

Бұл жұмыс Бүкіләлемдік банктің қаржылық және техникалық қолдауымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің іске асырып отырған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында бір жылдан астам уақыт атқарылды. Жобаның кеңесшісі болып табылатын «К-BAGDAR» халықаралық қоғамдық қоры әдістемені жасақтап, республиканың барлық аймақтарында бағалау жұмыстарын орындады.

 

Жұмысқа халықаралық сарапшылар да атсалысты. Мысалы, қалалар мен ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту бойынша бірқатар орталықтардың жұмысымен танысқан соң жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерінің әрекетін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын Корея Республикасының делегациясы берді. Қазіргі таңда халықаралық сарапшылар Еуропа елдері мен ЭЫДҰ ең үздік халықаралық тәжірибесін ескере отырып, ЖҚО қызмет етуі бойынша әдістік ұсыныстарын жетілдіруді жалғасытырып жатыр.

 

Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (ҚПЗО) жүргізген тәуелсіз әлеуметтік сұрау бағалаудың ең маңызды құрамдастарының біріне айналды. ҚПЗО қызметкерлері ЖҚО-на жүгінгеннен кейінгі жұмыссыздармен өзара әрекеттесу нәтижелеріне баға беруді, ЖҚО ұсынатын қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды, сондай-ақ, жұмыссыздар мен кәсіпорындардың жұмыспен қамту қызметтеріне жүгінуден бас тарту және ынталандыру ықпалдарын айқындауды мақсат қойды. Сұрау нәтижелері  ЖҚО қызметтерін пайдаланған азаматтардың көбісі жұмыс жасайтынын көрсетті: олардың басым бөлігі (32%) ЖҚО орналастырған қызметтерде еңбек етеді; сұралғандардың 18% ЖҚО жүгінгеннен кейінгі оқып үйренген мамандық бойынша жұмыс істейді; 13% жұмысқа өздері орналасқан. Осылайша, Жұмыспен қамту орталықтары оларға жүгінгендердің 50%-на әсерлі көмек көрсетті.

 

Жұмыспен қамту орталықтарында көрсетілген қызметтерге қанағаттанбаудың себептері де анықталды. Лайықты бос орындардың жетіспеушілігінен бөлек, сұрау қатысушылары жүгінуді қарастырудың көп уақыт алатынын, сондай-ақ, жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды ұзақ күту қажеттілігін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайды жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдерінің кадрлық және техникалық қамсыздандыру деңгейін арттыру есебінен жақсартуға болады. Біршама білікті персонал мен қажетті материалды-техникалық жабдықтаумен қамтылған жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдері жүгінгендерге жедел және тиімді көмек көрсете алады. Осы мақсатта, Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бағалаудан бөлек, жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдерінің – техникада, бағдарламалық қамсыздандыруда, жиһазда және кадрлардағы сандық мұқтаждықтарын анықтау бойынша жұмыс атқарылды.

 

Жоба аясында жұмыспен қамтудың мемлекеттік орталықтарының, соның ішінде ауыл округтерінің әкімдіктері мен шалғайдағы жұмыспен қамту орталықтарының қызмет көрсетуін жаңғырту және жетілдіру бойынша кешенді жоспары жасақталды. Кешенді жоспарға сай, әрбір аудан немесе округ бойынша жұмыс орындары мен штаттар санында өзгерістер қарастырылған – жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерге сұраныс ерекше жоғары жерлерде, әлбетте, барлық жүгінгендерге тиімді және уақытылы көмек көрсету үшін персоналдың да айтарлықтай көбірек ауқымы керек болады. Сонымен қатар, кешенді жоспар статистикалық есеп беру формаларын жаңарту бойынша ұсыныстардың алға тартылуын, және де жағымды нәтижелерді масштабтау бойынша ұсыныстарды жасақтауды қамтиді.

26 ақпан, 2019 - 10:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші