A A A
Мазмұнына өту

You are here

Төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы НЕГЕ БЕРІЛМЕЙДІ ?

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

2018 жылдан бастап төрт балалы отбасы көп балалы деп есептелмей, оларға ай сайынғы төленетін жәрдемақыны негізсіз қысқартып тастады.

Олай дейтінім, Республикамызда 2018 жылға дейін төрт бала туған аналарға ай сайын жәрдемақы беріліп келді. Ал 2018 жылдан бастап төртінші баласын босанған әйелдерге бұл тағайындалмайтын болды. Бүгінгі күні көпшілікті алаңдатқан мәселе және осының салдарынан халықтың мазасын кетіріп отыр. Өйткені көптің көкейінде төрт бала енді көп балалы отбасы емес деген түсінік қалыптасты. 

Бұл ретте "2018 жылы төртінші баласын туғандар" көп балалы отбасы" санатына жата ма?" деген сауалға заңгерлер мен арнайы мамандардың айтуынша, көп балалы отбасы түсінігі қолданыстан төртінші баласын туған аналарға алынған жоқ. Дәлірек айтқанда төрт және одан да көп баласы барлар көп балалы отбасына жатады, 2018 жылдан бастап ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді тағайындалмайды, өйткені осы санаттағы аз қамтылған отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа форматы бойынша жүргізіледі деген пікірде. Сонда олардың айтуынша жергілікті атқарушы органдардың есігінде түнеп, сол қызметкерлердің қалауы бойынша кімді көп балалы ана қатарына кіргізу немесе кіргізбеу мәселесі туындайды. Алайда Елбасымыздың кешегі Нұротандағы жиналысындағы баяндамасында төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы төленеді деген ой қалыптастырды. Осыған байланысты

Сұрақтар:

1) Алдағы уақытта толық отбасындағы төрт балалы аналар көп балалы ана қатарына жатқызылама ?

2) Төрт балалы аналар көп балалы ана қатарына жатқызған жағдайда ай сайынғы жәрдемақы қарастырыла ма?

2) Көп балалы төрт баласы бар барлық отбасыларына мемлекеттік қолдау аясында қосымша қолдау шаралары ретінде, яғни қоғамдық көлікте жеңілдікпен тегін жүру, тұрғын үй алуға кезекке тұру секілді мүмкіндіктер сақталына ма? 

 

Жауап: 

Құрметті Зарина Нурбековна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстанда, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына сәйкес, көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы.
Сонымен қатар, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасына ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді тағайындалмайды, өйткені осы санаттағы аз қамтылған отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа форматы бойынша жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткенін хабарлаймыз. Аталған съезде әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары атап өтілді, олар халықтың аз қамтылған санатының табысын арттыру мен оларды қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау саласын дамытуды көздейді.
Көп балалы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі ұсынылды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады.
Сондай-ақ, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, есепке қою мәселелері және тұрғын үй алудың артықшылықтары жергілікті атқарушы органдар қарауында орналасқан. Осы Заңның 68-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, соның ішінде, көп балалы отбасыларға пайдалануға беріледі.
Осы Заң 118-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бірінші кезекте есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаж, соның ішінде көп балалы отбасыларға беріледі.
Қазіргі уақытта қосымша мынадай мәселелер пысықталуда:
- ірі компаниялар мен кәсіпкерлер есебінен аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін пәтерлер бөлу;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру (ЖТҚ);
- көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялау;
- көп балалы отбасылар қатарынан аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бөлу.

Сұрақтың нөмірі: 358836
26 наурыз, 2019 - 17:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші