A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігінің ұжымына жаңа министр таныстырылды

Еңбек министрлігінің ұжымы жаңа министрмен танысты

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымын жаңа басшымен таныстырды. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев тағайындалды»- деп хабарлады Г.Әбдіқалықова. 

Вице-премьер, бүгінде бұл мекеменің алдында  Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жүктеген, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту міндеттері тұр деді. Сондай-ақ, Бердібек Мәшбекұлының әлеуметтік салада тәжірибесі мол екенін және бұрын 2007-2009 жж Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарғанын айтып өтті.  

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев ел басшысына және Үкіметке, өзіне   сенім артқанына ризашылығын білдіріп, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттің дамуы үшін одан әрі жемісті еңбек ететінін айтты. 

Экс-министр Мәдина Әбілқасымова, мекеме ұжымына бірлесіп істеген жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның  халықтың әл-ауқатын жақсартудағы айтарлықтай үлесін атап өтті.   

Әр кезеңде  Бердібек Сапарбаев министрлер кабинетінің аппаратын басқарды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарының әкімі болды, кедендік бақылау Агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі болып қызмет етті.  2014 жылдың қарашасынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары, 2015 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе облысының әкімі лауазымында болды. 
 

4 наурыз, 2019 - 09:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші